Page 360 - index Bapaeva
P. 360

кешіруге, стресогенді жағдайды жеңуге, айналасындағылармен
өзара тиімді қатынастарды қалыптастыруға, өзінің
психологиялық, психикалық және физикалық денсаулығын
сақтауға көмектесу.

    Ассоциация – өзіндік ортақ іс-әрекеттің мақсаты, құрылымы
бар, бірақ біртұтас әлеуметтік психологиялық бүтін бола алмай-
ды.

    Корпорация – ортақ мақсат және оны жүзеге асырудағы
іс-әрекеттің біртұтастығымен анықталады. Осындай топтарға
тән серіктестік, топ мүшелерінің өзара әрекеттестігі, қарым-
қатынастың белгілі бір дәрежеде топтық тәжірибені құрап, оның
сол іс-әрекет түрінде даярлығын қамтамасыз етеді.

    Ұжым – дамудың ең жоғары деңгейі. Іс-әрекеттің негізінде
қоғамдық құны, мақсаттары мен мотивтері бар мұндай топ
даярлықтың, психологиялық біліктің ең жоғарғы деңгейін сипат-
тайды.

    Еліктеу – индивидтің қандай да бір мінез-құлық көріністерін,
әрекеттерін, мәнерін қайталау.

    Эмпатия – басқа адамның ішкі әлеміне еніп, оның барлық
сезімдері мен ойларын эмоциялы түрде қабылдау.

    Симметриялық стиль – отбасы мүшелерімен серіктесу
негізінде құрылады. Бұл фактордың жасөспірімнің өзін-өзі
бағалауында эмансипацияға ықпалы зор.

    Ассиметриялы стиль – отбасындағы мәселелерді шешуге
жасөспірімдердің қатысуына шектеу жасау. Қарым-қатынастың
ассиметриялы стилі жасөспірімдердің «Мен» бейнесі мен өз-
өзіне жағымсыз қарым-қатынасын қалыптастырады.

    Белсенділік – жаратылыстағы заттардың, құбылыстардың,
тірі организмнің іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысының қарқынын
білдіретін ұғым.

    Психикалық белсенділік – субъектінің ұстанған бағдарын
жүзеге асыру барысындағы іс-әрекетінің жігерлілігі. Ол жеке
тұлғаның өзіндік ерекшеліктеріне, яғни белгілі бір ахуалға сай
әсерленуіне, мінез-құлқына, шешім қабылдау қабілетіне байла-
нысты.

    Өзара әрекеттестік – бұл объектілердің (субъектілердің)
өзара байланысы мен міндеттілігін тудыратын бір-біріне жанама
немесе тікелей ықпалы.

                                    360

⇐ МАЗМҰНЫ
   355   356   357   358   359   360   361   362   363   364   365