Page 359 - index Bapaeva
P. 359

Тепе-теңдікке ұмтылыс – қызмет етудің және дамудың басты
қағидасы әрі негізгі реттеушісі болып табылады.

    Эпигенез – дамудың негізгі кезеңдерін анықтайтын
біртұтас тума жоспардың болуы. Ол жоспар ағзалардың, яғни
психологиялық қабілеттердің қалыптасу сатылылығын алдын ала
болжайды.

    Пубертантты кезең (12-19 жас шамасы) – ұқсастықтың
қалыптасуының сын кезеңі. Әлеуметтік-психологиялық
дағдарыстың мәні эго-ұқсастық пен ұқсастықтың алмасуының
арасында таңдау жасауда анықталады.

    Психологиялық жас – даму талдауының «бірлігі» болып та-
былады. Психологиялық жас құрылымымен және динамикасымен
сипатталады. Жастың құрылымы дамудың әлеуметтік жағдаятын
және жас ерекшелік психологиялық жаңа құрылымдарды қамтиды.

    Жас ерекшелік дағдарыс бұл – адам ағзасы мен
психикасындағы тұрақты кезеңінің барысында орын алған сандық
өзгерістердің сапалы өзгерістерге алмасатын адамның өмірлік
циклінің барысындағы нормативті, заңды кезең.

    Пренаталды – тіршілік иесінің құрсақтағы пайда болуынан
дүниеге келгенге дейінгі дамуы.

    Герминалды кезең – (ұрықтанғаннан 2 аптаға дейін) –
жасушалардың жылдам жетілуі мен алғашқы дифференциялану
кезеңі;

    Эмбрионалды кезең – (2 аптадан 2 айға дейін) – негізгі
құрылымдар мен ағзалардың қалыптасу кезеңі;

    Фетальды кезең – (3 айдан туғанға дейін) – ұрықтың
қарқынды морфофизиологиялық даму кезеңі.

    Жандану кешені – алғашқы жарты жылда балада ересекпен
қарым-қатынасында мінез-құлықтың күрделі формасы, сөйлеген
ересектің бет әлпетіне деген аффективті-жағымды, мимикалық-
соматикалық реакциясының қалыптасуы.

    Сюжеттік-рөлдік ойын – бұл балалардың ересектердің
еңбек немесе әлеуметтік қызметтерін өзіне теңгеріп, арнайы
құрастырылған немесе ойдан шығарылған ойын жағдайларында
ересектердің өмірін қайталауы.

    Психологиялық қолдау – адамның жаңа әлеуметтік
жағдайларға бейімделуіне байланысты орын алған
қиыншылықтарды едәуір жылдамырақ және қиыншылықсыз

                                    359

⇐ МАЗМҰНЫ
   354   355   356   357   358   359   360   361   362   363   364