Page 361 - index Bapaeva
P. 361

Қартаю – бұл организмде жас өзгерістерінен заңды түрде
туындайтын физиологиялық үдеріс. Қартаю үдерістеріне әртүрлі
жүйелерде әртүрлі жылдамдықта байқалатын жас шамалық
өзгерістердің дамуы тән.

    Кәрілік – адамның тарихи-эволюциялық дамуының әртүрлі
сатыларында және әртүрлі экологиялық-популяциялық және
әлеуметтік топтар ішінде шартты және шекаралық түрде ауысып
тұратын биопсихологиялық және әлеуметтік тарихи түсінік.

    Гериатрия – (грек. geron және iatreia – емдеу ілімі) кәрі және
қарттық жастағы адамдардың ауруларын зерттейді.

    Геронтология – қарттық кезеңнің психикалық ерекшеліктерін
зерттейтін даму психологиясының саласы.

    Геронтологияның мақсаты – кәрілікке байланысты ту-
ындайтын кейбір кемшіліктерді жеңу. Өйткені әрбір жас
тобының әлеуметтік мәртебесі мен қоғамдағы орны сол топтың
экономикалық «жетістіктерімен» тығыз байланысты.

    Жас ерекшелік дағдарыс – адам ағзасы мен психикасындағы
тұрақты кезеңінің барысында орын алған сандық өзгерістердің
сапалы өзгерістерге алмасатын адамның өмірлік циклінің
барысындағы нормативті, заңды кезең.

           361

⇐ МАЗМҰНЫ
   356   357   358   359   360   361   362   363   364   365   366