Page 357 - index Bapaeva
P. 357

әдістер (адамның өмір жолындағы оқиғалардың, құжаттардың
талдамасы).

    Мәліметтерді өңдеу әдісі – сандық (статистикалық) және са-
палы талдау (мәліметтердің топтарға жіктелуі және т.с.с.) әдістер.

    Интерпретациялық әдістер – генетикалық және құрылымдық
әдістер.

    Генетикалық әдіс – зерттеудің бүкіл өңделген мәліметтерінің
психикалық жаңа құрылымдары қалыптасуының фазаларын, са-
тыларын дағдарысты мезеттерін қарастырып, даму сипаттамала-
рында талқылануына жағдай жасайды. Ол даму деңгейлерінің
арасындағы «тігінен» генетикалық байланыстарды орнатады.

    Құрылымдық әдіс – тұлғаның барлық зерттелінетін
сипаттамаларының арасындағы көлденең, құрылымды байланыс-
тарды жүзеге асырады.

    Преформизм – индивидтің жетілген формадағы барлық
қасиеттері мен сипаттамалары бала біту мезетінен бастап
беріліп, алдын ала анықталып, ұрық жасушаларының өзінде
болатын психикалық даму тұжырымдамасы. Преформизм –
баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері тұрғысында
нативизмнің бір түрі.

    Рекапитуляция (латын тілінен аударғанда rekapitulato)
теориясы – онтогенездегі жеке дара даму түрлер мен адам тегі
тарихының жылдам қайталануын білдіреді.

    Даярлық заңы – индивидте стимулдың нақты түрімен
бекітуге даярлығының болуы.

    Либидо – адамзаттың жетістіктерін анықтайтын және оның
дамуының негізін құрайтын адам белсенділігінің қуаты.

    Танатос – өлімге құштарлық ретінде тепе-теңдікке қатысты
жалпы бетбұрыс: адам ғайыптан келіп, ғайыпқа кетуі тиіс. Өлімге
құштарлық бұл – өмірлік циклдің аяқталғандығының көрініс.

    Ығыстыру – бейсаналылыққа ығыстыру, санадан тыс сақтау
және аластату;

    Регрессия – мінез-құлық пен ойдың алдыңғы формаларына,
объектілі қатынастарға, дамудың едәуір ерте кезеңдеріне қайта
оралу;

    Кету – физикалық қашу немесе ойша іштей кету;
    Реактивті құрылыс – Супер Эгомен сыналатын тілектермен
және ойлармен байланысты мазасыздықты бейсаналы жасыру,
қалаулы мінез-құлықтың тікелей қарама-қарсы үлгісін таныту;

                                    357

⇐ МАЗМҰНЫ
   352   353   354   355   356   357   358   359   360   361   362