Page 391 - index Bapaeva
P. 391

6-ҚОСЫМША

    Г. Эббингауздың әдістемесі
    Мақсаты: Жанама есте қалдыру өнімділігінің көп сөздер
арасындағы байланыстар сипатына тәуелділігін анықтау.
    Құрал-жабдық: есте қалдыруға арналған он сөз жұбы.
    Әдістеменің нұсқауы: сыналушы топқа екі сөз қатары
ұсынылады; бірінші қатардағы сөздер арасында мағыналық бай-
ланыстар бар; екіншісінде – жоқ. Жүргізуші сыналушыларға
бірінші сөздер қатарын оқиды (жұптар арасындағы уақыт аралығы
– бес секунд). Он минут үзілістен кейін екінші қатардағы сөздер
оқылады (он секунд аралықпен), ал сыналушылар есте қалдырған
сөздерді жазады.
    ағаш – жапырақ
    Мектеп – мұғалім
    Құлып – кілт
    Щетка – тіс
    Май – нан
    ІІ қатар
    Аспан – диван
    Сіріңке – қойлар
    Балық – өрт
    Теңіз – доп
    Үстел – балта
    Нәтижелерді өңдеу: Дұрыс жазылған жалпы сөздер саны
есептеледі. Нәтижелер келесі көрсеткіштер бойынша өлшенеді:
    Жоғары деңгей – 1 – 2 қате жіберілгендер;
    Орташа деңгей – 3 – 4 қате жіберілгендер;
    Төмен деңгей – 5 және одан да көп қате жіберілген жағдайда.

           391

⇐ МАЗМҰНЫ
   386   387   388   389   390   391   392   393   394   395   396