Page 423 - index Bapaeva
P. 423

адамның өзін отбасылық өмірінде орын алған жағдайларға жауап-
ты деп есептейтінін білдіреді. Отбасылық қатынастар бөліміндегі
интерналдылық бағанасы бойынша төмен көрсеткіштер
субъектінің серіктестерін отбасында орын алған маңызды
жағдайлардың себебі деп есептейтініне нұсқайды.

    5. Өнімді қатынастар бөліміндегі интерналдылық
бағанасы. Аталмыш бағана бойынша жоғары көрсеткіш
адамның өз әрекеттерін ұжымда қалыптасқан қатынастарда
өзінің жоғарылауында дербес өнімді іс-әрекетін ұйымдастырудың
маңызды факторы деп есептейтінін көрсетеді. Өнімді
қатынастар бөліміндегі интерналдылық бағанасы төмен
көрсеткіштер сыналуышынң сыртқы жағдайларға – басшылыққа,
қызметтестеріне, жолы болу-болмауына неғұрлым жоғары мән
беретінін білдіреді.

    6. Денсаулық пен сырқаттануға қатысты интерналдылық
бағанасы. Аталмыш бағана бойынша жоғары көрсеткіштер
сыналушының өз денсаулығына өзінің жауапты екендігін
сезінетінін білдіреді. Егер ол ауырған болса, оған өзін кінәлайды
әрі сауығуы өз әрекеттеріне байланысты деп есептейді. Денсаулық
пен сырқаттануға қатысты интерналдылық бағанасы бойынша
төмен көрсеткіштер адамның сырқаттануы жағдайға байланысты
деп, өзгелердің көмегімен сауығамын деп есептейді.

           423

⇐ МАЗМҰНЫ
   418   419   420   421   422   423   424   425   426   427   428