Page 424 - index Bapaeva
P. 424

16-ҚОСЫМША

    Студенттердің өздік жұмыстары бойынша талдауға
                   ұсынылатын тапсырмалар

                           ШАЛ ҚҰЛЕКЕҰЛЫ
                                (1748-1819)

Он бесте тартып міндім аттың жалын,
Сол кезде айтқан сөзім от пен жалын.
Бүркіттей тасқа түскен талап етіп,
Сонымен біраз жүрдім ұзын сарын.

Құрдым мен он сегізде жігіт салтын,
Байқамай еш нәрсенің алды-артын.
Басым бұлбұл, аяғым дүлдүл болды,

Жиырмаға келген соң,
Жын қуалап ақтадым.
Жиырма беске келген соң,
Жақсыларды жақтадым.
Отыз жасқа келген соң,
Әр ісін сүйіп мақтадым.
Қырық жастан асқан соң,
Артық айтқан сөздерім,
Сенен де пайда таппадым.
Елу жасқа келген сон,
Пірдің сөзін сақтадым.
Алпысқа жақын келген соң,
Өлімнен хабар жетер деп,
Тәуба қылып тоқтадым.

Алпыс жас – бұл бір өткен өмір сәні,
Алпыста бойда қуат тұрмас бәрі.
Қызығың жігіттікте көрген бір түс,
Қайта атпас жігіттіктің алтын таңы.

           424

⇐ МАЗМҰНЫ
   419   420   421   422   423   424   425   426   427   428   429