Page 438 - index Bapaeva
P. 438

18-ҚОСЫМША

          Адамның жасына қатысты мақал-мәтелдер

Бесік баласы бес түлейді.
                                     ***

Бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді.
                                     ***

Он үште отау иесі.
                                     ***

Ұлыңа бес жасқа дейін патшаңдай қара,
Онбестен кейін қосшыңдай қара,
Онбестен асқан соң досыңа бала.

                                     ***
Ұл онбеске келгенде, қолға ұстаған қобызың,
Ұл онбестен асқан соң, тіл алмаса доңызың.

                                      ***
Жақсы адам онбесінде жаспын демес,
жүз жаста қартайдым деп уайым жемес.

                                     ***
Отызда орда бұзбасаң,
қырқыңда қамал ала алмайсың.

                                     ***
Қырықта кылаң,
елуде – елес.

                                     ***
Елу – ердің жасы.

                                     ***
 Алпыс тал түс.

                                     ***
Өткен мен кеткенді, көп жасаған қарт білер.

                                     ***
Қарсы келсе кәрілік
Қара нарды шөктірер.

                                     ***
Кәрінің бары игі.

           438

⇐ МАЗМҰНЫ
   433   434   435   436   437   438   439   440