Page 439 - index Bapaeva
P. 439

***
Өсетін елдің қарты
Қазына болар.
Өспейтін елдің қарты
қазымыр болар.

                                     ***
Қарт келсе, ақылдың қосылғаны,
Жас келсе, батырдың қосылғаны.

                                     ***
Жастың ашатын жаңалығы көп,
Қарттың зерттейтін даналығы көп.

                                     ***
Сексенде сегіз байлық,
Сегіз жарлық.

                                     ***
Елу – шылбырдан алды,
Алпыс – тізеден алды,
Жетпіс – өре салды.
Сексен – тұсау салды,
Тоқсан – толқып қалды.

                                     ***
Алпыс – дер шағы,
Жетпіс – мәр шағы.
Сексен – жер шағы,
Тоқсан – шер шағы,
Жүз – қор шағы.

                                     ***
Аулыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең.

                                     ***
Жақсы адам қартайса,
Жазып қойған хаттай.
Жаман адам қартайса,
Бықсып жанған шаладай.

                                     ***
Қарттықтың жауы – жалғыздық.

           439

⇐ МАЗМҰНЫ
   434   435   436   437   438   439   440