Page 436 - index Bapaeva
P. 436

қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің
де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге
салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін
айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен
кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса
ұқпаймыз.

    Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген
біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы
екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның ба-
ласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан
білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз
деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-
тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.

                                                                               1891

    Оныншы қара сөз
    Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем
орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған
күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?
    Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние
иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе
едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге
қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың
жақсысы – қызық, жаманы – күйік, не түрлі боларын біліп
сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің
қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит
қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?
    Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің
жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер
жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені
неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған
балаң кәсіп қылып бере ала ма? Ахирет үшін бала тілегенің – ба-
лам жасында өлсін дегенің. Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп,
ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен? Он-
дай баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?
    Қартайғанда асырасын десең, о да – бір бос сөз. Әуелі – өзің
қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші – балаң
мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші –

                                    436

⇐ МАЗМҰНЫ
   431   432   433   434   435   436   437   438   439   440