Page 434 - index Bapaeva
P. 434

Қыз болып он төртінде топқа кірдің,
Қызықты он бесінде жоқтап жүрдің.
Он бестен он алтыға шыққаннан соң,
Қырғидай қыран шәулі топтан ілдің.

Қарағым, он жетіге енді келдің,
Не қызық болып жатқан жерді көрдің.
Балауса он сегізде қыз болып ап,
Жүйріктей бәйгені алған белгілендің.

Қыз болып он тоғызда баяуларсың,
Той қылып ұзатуға таяуларсың,
Болып ап жиырмада бөбекті ана,
Тербетіп талдан бесік таянарсың.

           434

⇐ МАЗМҰНЫ
   429   430   431   432   433   434   435   436   437   438   439