Page 435 - index Bapaeva
P. 435

17-ҚОСЫМША

                                 Абай Құнанбаев
                                     (1845-1904)

                                   ҚАРА СӨЗДЕР

    Жетінші қара сөз
    Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі –
ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары,
бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді,
қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік. Не көрсе соған тал-
пынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына са-
лып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-
керней болса, даусына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе
де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп,
«ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл
неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап,
тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен,
көрсем екен, үйренсем екен деген.
    Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болма-
са денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген
соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде
құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан,
сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған
ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап
білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын
құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп,
кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмай-
ды екеміз?
    Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған
қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен
жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай
қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы
боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен.
Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас
ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы

                                    435

⇐ МАЗМҰНЫ
   430   431   432   433   434   435   436   437   438   439   440