Page 70 - index Bapaeva
P. 70

Керісінше оқытудың мүмкіндіктері баланың даму деңгейімен
анықталады.

    4. Баланың психикалық дамуының мәдени-тарихи әлеуметтік
табиғатын ескермеуі. Ж. Пиажеде интеллекті дамуының баста-
уы ретінде баланың физикалық объектімен жеке дара іс-әрекеті
анықталды.

    Л. С. Выготский ересек баланың қауқарсыздығынан кез келген
нәрестелік жағдаяттың орталығы деп жазған. Нәресте дамуының
әлеуметтік жағдаяты «бала – жақын ересек адам» қатынастарының
біртұтастығын шарттандырады. Сондықтан бала үшін кез келген
зат ең алдымен қоғамдық ортақ зат ретінде анықталады, ал оның
затқа қатынасы қоғамдық ересекпен жанамаланады. Баланың
әлеммен өзара әрекеттестігі оның өмірінің алғашқы күндерінен
әлеуметтік заттар әлемімен өзара әрекеттестік ретінде құралады.
Қоғамдық ересек адам – заттың әлеуметтік қызметінің иесі іс-
әрекетті, әлемді тану және баланың психикалық даму үдерісін
ұйымдастырады.

Семинар және практикалық сабақтардың жоспары

    1. Субъектінің белсенділігінің дамуға ықпалы.
    2. Психиканы ұйымдастырудағы инттеллектінің мәні және
оның дамуының негізгі себепшілеріне салыстырмалы түрде тал-
дау жасаңыз.
    3. Операция ұғымына сипаттама беріңіз.
    4. Ж. Пиаженің операциялы тұжырымдамасындағы интеллект
дамуының кезеңдеріне талдау жасаңыз, салыстырыңыз.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ)
                      тақырыптары

    1. Ж. Пиаженің өмірі мен ғылыми шығармашылық қызметі.
    2. Ж. Пиаженің «Интеллект табиғаты» еңбегімен танысу (Ре-
ферат). (Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Алматы,
2005 ж. 7-том. 379-391 беттер)
    3. «Ойлау психологиясы және логикалық операцияның

           70

⇐ МАЗМҰНЫ
   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75