Page 68 - index Bapaeva
P. 68

Ж. Пиаже операцияға дейінгі интеллектіден нақты-
операциялы интеллектіге көшу деңгейін анықтауға мүмкіндік
беретін айқындау міндеттерінің жүйесін құрастырады. Пиаженің
міндеттері – сақтау ұғымының қалыптасуын анықтауға
бағытталған байқаулар. Сақтау ұғымы бұл – нысанның, оның
бір өлшемінің өзгермеушілігінің мойындалуы. Міндеттер: 1) ны-
санның бастапқы теңдігінің мойындалуы; 2) объекті транформа-
циясы; 3) сақтау туралы мәселеленің ұсынылуы сияқты негізгі үш
кезеңді қамтиды.

    Ж. Пиаже міндеттерінің шешімін көлемнің сақталуына
қатысты мысал арқылы түсіндіруге болады.

    1. Балаға көлемі бірдей боялған суы бар екі стақан ұсынылады.
Сұйықтықтардың деңгейі бірдей. «Қай стақандағы су көбірек?»
деген сұраққа бала екі стақандағы судың теңдігін айтуы тиіс.

    2. Баланың көзінше суды пішіні бөлек стақанға құяды.
Сұйықтық бағанасының биіктігі өзгеріп, тең болмай қалады.
Объекті қарапайым, бірақ айқын перцептивті белгісі бойынша
трансформацияланады.

    3. Сақталу жөніндегі негізгі сұрақ: «Ал енді қайсысында
көбірек?» деп сипатталады. Операцияға дейінгі кезеңдегі және
сақталу қағидасын меңгермеген бала стақандардың бірінде
судың көбейгенін айтады. Егер бала сақталу заңын меңгерген
болса, стақандардың бірінде судың көбейгені тек көзге ғана со-
лай көрінетінін, ал шын мәнінде оның көлемі бірдей болып
қалатынын айтады. Экспериментшінің: «Неге?» деген сұрағына
баланың жауабына сәйкес қайтарымдылықтың әртүрлі форма-
ларына сәйкес келетін сақталу ұғымы қалыптасуының әртүрлі
деңгейлері айқындалады.

    Ж. Пиаженің тұжырымдамасы психологиядағы ерек-
ше бірегей құбылыс болып табылады. Ол деректілігі мен
феноменологиялылығының, сонымен қатар интеллекті дамуының
заңдылықтарын теориялық зерттеудің тереңдігімен, негізділігімен,
жүйелілігімен ерекшеленеді.

    Ж. Пиаженің тұжырымдамасын сынаудың төмендегідей
негізгі бағыттарын атап өтуге болады:

    1. Ж. Пиаженің редукцианизмі жоғары реттегі заңдылықтар-
дың төмен реттегі заңдылықтарға теңестірілуі ретінде анықталады.
Биологиялық редукционизм дамудың негізгі түсіндірмелі

                                     68

⇐ МАЗМҰНЫ
   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73