Page 73 - index Bapaeva
P. 73

6-кестенің жалғасы

3 З. Фрейд жетекші рөлді Э. Эриксон оның мәнін мойындай
       сексуалдылыққа арнайды. отырып, балалық шақтағы
                                           инфантильді сексуалдылықтың
                                           приматы жайлы постулатқа қарсы
                                           пікірін білдіреді. Ол оның дамудың
                                           негізгі бастауы болмайды деп
                                           есептеген.

4 З.Фрейдтің                  Э. Эриксон тұлғаның белсенділігі
       тұжырымдамасы          мен қарым-қатынасын қамтитын
       дамудың себепшілері    дамуының шарттары мен
       ретінде екі фактордың  факторларының, себептерінің
       парадикмасына          едәуір күрделі жүйесін ұсынады.
       тұйықталады.           Баланың әлеуметтік ортамен
                              қарым-қатынасының мәні
                              «маңызды қатынастар радиусы»
                              және «ритуал» сияқты ұғымдармен
                              қарастырылады.

    Э. Эриксонның ойынша, тұлғаның дамуы соматикалық,
психологиялық-әлеуметтік, психологиялық-жыныстық жолдар-
дың бірлігімен және өзара әрекеттестігімен анықталады. Эго-
ұқсастықтың қалыптасу үдерісі тұлға дамуының негізгі мазмұнын
құрайды. Ұқсастық өзін-өзі теңдестіру ретінде түсіндіріліп,
уақыт пен кеңістікте адамның өз-өзіне деген ішкі ұқсастығы
ретіндегі өзін-өзі ұқсастыру; тұлғаның өзін-өзін ұқсастыруын
маңызды әлеуметтік ортасымен мойындалуы; ішкі және сыртқы
ұқсастықтың сақталынып, тұрақты сипатқа ие екендігіне
сенімділік атты негізгі үш өлшемді қамтиды. Тұлғаның даму
үдерісін Э. Эриксон ұқсастықтың түрленуі мен қалыптасуының
тұрғысында қарастырады.

    Эпигенетикалық қағида тұлға дамуы кезеңдерінің ретін
анықтайды. Эпигенез – дамудың негізгі кезеңдерін анықтайтын
біртұтас тұма жоспардың болуы. Ол жоспар ағзалардың, яғни
психологиялық қабілеттердің қалыптасу сатылылығын алдын
ала болжайды. Онда тұлғалық құрылымдардың пайда болуы
мен дамуының «сын кезеңдері» сипаттауды керек етпей жора-
малдап келтіріледі. Әрбір кезеңнің тұлғаның қайсібір қасиетінің

                                     73

⇐ МАЗМҰНЫ
   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78