Page 65 - index Bapaeva
P. 65

О п е р а ц и я л а р – өзге әрекеттер арқылы біртұтас жүйеге
реттелген әрі кері қайтарымы бар интериоризацияланған ішкі
әрекеттер. Кері қайтарым объектінің шарты ретінде анықталып,
негізгі қасиеттерінің сақталуына байланысты.

    Операция – әрдайым ішкі әрекет болады. Сыртқы әрекет – мате-
риялы, физикалық болғандықтан, операция бола алмайды. Мәселе
мынада, тек интериоризацияланған әрекет қана әрекет сызбасының
алгоритм және өңделудің жүйесі ретінде құрастырылуын бол-
жайды. Әрекеттің сызбасы қисынды операциялық құрылымды
құрудың негізі болып табылады.

    Операциялардың жүйелілігі – олардың ең маңызды қасиеті.
Операция әрдайым әрекеттердің жүйесінен құралады. Жеке әрекет
кері қайтарымды қамтамасыз етпейді. Мәселен, қосу әрекетін (А
+ В = С) ойша жүзеге асырғанымызбен операцияға айналмайды.
Біз қосу әрекетін кері алу әрекеті арылы теңдестіре алсаңыз ғана
ол операцияға айналады.

    Кері қайтарым тура және кері әрекеттердің теңелуімен,
жүйелілігімен қамтамасыз етіледі. Операциялар – топтасты-
ру қағидасына бағынышты әрекеттердің жүйесі. Топтастыру
– тұтастыққа біріктірілген барлық операциялар бес өлшемге
бағынышты болатын тұйық та қайтарымды жүйе:

    1. комбинативтілігі (композиция) А + В = С;
    2. кері қайтарымдылығы С – В = А;
    3. ассоциативтілігі (А + В) + С = А+ (В + С);
    4. жалпы ұқсастығы А – А = 0;
    5. арнайы ұқсастығы А + А = А.
    Кестеде интелекті дамуының кезеңге жіктелуі ұсынылған
(5-кесте).

                                                                      5-кесте
Ж. Пиаженің операциялы тұжырымдамасындағы интеллект

                           дамуының кезеңдері

№ Жиілігі       Кезең           Негізгі жаңалықтары

1 Сенсомоторлы             Сенсомоторлы құрылымдардың
     интеллект             қалыптасуы
     0 – 2 жас

                       65

⇐ МАЗМҰНЫ
   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70