Page 69 - index Bapaeva
P. 69

қағидасы (тепе-теңдік, ассимиляция, аккомодация) ретінде тепе-
теңдік қағидасын абсолюттенуінде анықталады. Қисынды редук-
ционизм ойлауды зерттелудің ойлаудың негізіндегі қисын мен
қисынды құрылымдардың сипаттамасымен алмастыру әрекеті
ретінде анықталады.

    2. Интеллект дамуының кезеңдері.
    Біріншіден, зерттеушіні ресми-қисынды интеллектіні
интеллектінің жоғары деңгейі ретінде қарастырғаны үшін сы-
найды. Оның түсінігінше тым жағымсыз жағдайларда ресми-
қисынды интеллект мүлде қалыптаспауы да мүмкін. Мәселен,
жасөспірімдердің тек 50% ғана ресми-қисынды интеллектіге
ие. Көптеген зерттеушілердің ойынша ресми-қисынды интел-
лект ойлаудың дамуында ең жоғарғы деңгей болып табылмайды
Екіншіден, швед психологы интеллектінің бір кезеңнен екіншісіне
көшудің шынайы механизмін көрсеткен жоқ. Оппоненттердің
сыны сақталу ұғымының қалыптасуына шоғарлануда. Көптеген
зерттеушілердің атап айтқанда Д. Брунердің еңбектері, сақтауды
қалыптастыру механизмдерін анықтауға, яғни баланы сақтау
ұғымына үйретуге бағытталады.
    Кеңестік психологияда П. Я. Гальпериннің мектебінде
бағдарланған іс-әрекет ұғымына негізделген сақтауды
қалыптастыру механизмдерін альтернативті түсіндіруге тырыса-
ды. Зерттеу жұмыстарында балада сақтауды қалыптастырудың
арнайы процедурасы ұсынылады. Зерттеушілер баладан: «Қайсы
түймелер көп?» деп сұрағанда, оның бұрыс жауабының астарын-
да объекті өлшемдерін дифференциялай алмауы жасырынған
деп болжайды. Сіз: «Қанша?» деп сұрамас бұрын, нені сөз етіп
тұрғаныңызды анықтауыңыз қажет. Бала ең айқын да көрнекі
өлшемге бағдарланады. Ж.Пиаженің міндеттері сол заңдылық бо-
йынша құрастырылған: объектінің ақын көзге түсетін перцептивті
белгісі өзгереді, ал сұралған белгі өзгеріссіз қалады. Сондықтан
қалыптастырушы экспериментте баланы ең алдымен бастапқы
өлшемді көрсету үшін объектіні өлшеуге үйретеді. Нәтижесінде
заттарға қатысты баланың эгоцентрикалық көзқарасы объективті
пікірге өзгереді.
    3. Оқыту мен дамудың арақатынасына қатысты мәселенің
шешілуі.
    Ж. Пиаженің ойынша оқыту дамуға еш ықпал ете алмайды.

                                     69

⇐ МАЗМҰНЫ
   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74