Page 74 - index Bapaeva
P. 74

қалыптасуына ерекше сезімталдығы болады, егер ол кезең
уақытында іске қосылмаса, тұлғалық даму бұрмаланады. Әрбір
саты алдыңғысына негізделеді, яғни сатылардың сабақтастығы
мен байланысы бар.

2. Тұлға дамуының кезеңдерге жіктелуі

    Э. Эриксон адамның туғаннан дүниеден өткенге дейінгі
өмірлік циклін қамтитын сегіз жас шамасын көрсетеді (7-кесте).

    Нәрестелік, оральды-сенсорлы кезең (туғаннан – 1 жас ша-
масы) тұлға дамуының басты кезеңі болып табылады. Психоа-
нализде баланың дүниеге келуі жарақат ретінде қарастырылады;
бала қауқарсыз болғандықтан, анасы ерекше қамқор орта-
ны қалыптастырады. «Құдайға теңеуші» рәсім бала мен ана
қатынастарының тұрақтылығын өзара жақындастықты болжай-
ды. Тану ұқсастырудың ерте түрін білдіреді.

    Жағымды ұстанымды қалыптастыратын мейірімге, әлемнің
әділеттілігіне және тұрақтылығына деген сенім баланың фру-
страцияны кешіруіне және болашақтағы дамуына даярлықты
қамтамасыз етеді.

    Ерте балалық шақ, бұлшық ет – анальды кезең (1-3 жас ша-
масы) автономия, ұят және күдіктің арасында таңдау жасауға
байланысты әлеуметтік-психологиялық дағдарыспен сипаттала-
ды. Бала әрекеттерінің дамуы, оның бұлшық ет жүйесін меңгеруі
және оны реттеуі, тілінің шығуы тәуелсіздіктің дамуына және
«Мен өзім» бағдарын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Баланың
анасынан алшақтауы және оның тәуелсіздікке құлшынысы па-
расатты рәсімде жүзеге асады. Отбасылық тәрбиенің баланың
тәуелсіздігін қабылдаушы, қолдаушы немесе тыйым салушы
түріне қарай дағдарыстың шешілуіне ықпал етеді. Бала өзін-
өзі қадағалау сезімін жоғалтқанда немесе қадағалауға қабілетті
болмағанда, ұят пайда болады.

           74

⇐ МАЗМҰНЫ
   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79