Page 13 - index Bapaeva
P. 13

есептеген. Өмірдің қалыпты мерзімі және дара даму кезеңдерінің
немесе фазаларының бірізді алмасып отыруы қатаң түрде сол
бағдарламамен анықталады.

    Адамның онтогенезінде тұқым қуалаушылық пен орта
арасындағы, тіршілік әрекетінің әрқилы реттеушілерінің
арасындағы, ағзаның біртұтас құрылымындағы әртүрлі жүйелер,
органдар және ұлпалар, тканьдар арасындағы көптеген қарама-
қайшылықтар туындап, жүзеге асырылып отырады.

    Сол тектес ішкі қайшылықтардың бір көрінісі – дамудың
әркелкілігі, яғни әрқилы психикалық қызметтер, қасиеттер
және құрылымдар біркелкі дамымай, әрқайсысы жетілуінің,
тұрақталуының және төмендеуінің өз кезеңдері орын алатын
жағдай.

    Дамудың гетерохрондығы дегеніміз – жеке ағзалар мен
қызметтердің даму фазаларының уақыт бойынша сәйкес келмеуі.
Мәселен, қиялдың дамуы, ерік әрекеттері қызметтерінің дамуына
сәйкес келмейді.

    Алғашында ғалымдар даму фазаларының өзгерістері мен
гетерохрондығының сәйкессіздігі – жетілу мен өсу үдерістеріне
ғана тән құбылыс деп есептеген. Алайда, бұл құбылыстардың
инволюциялық үдерістердің гетерохрондығы және жеке
жүйелердің қартаюының әркелкілігі сияқты қарттықта көрініс
беретінін тәжірибе аңғартты.

    Дамудың жеке фазаларының ерекшеліктері тек биологиялық
алғышарттармен ғана анықталмайтынын ескерген жөн. Тұқым
қуалаушылықтың ұзақ өмір сүрудің маңызды дерегі екендігі
белгілі, алайда ол жалғыз дәйек емес: ол тіршілік ету жағдайлары,
тәрбиенің, іс-әрекеттің сипатын да қамтиды.

    Демек, онтогенезді сөз еткенде, адамның өмір жолын да ескеру
қажет, яғни тұғланың белгілі бір қоғамда қалыптасып, дамуының
тарихын ескеру қажет. Өйткені әрбір адам нақты дәуірдің заман-
дасы және белгілі бір ұрпақтың құрдасы.

    Адам өмірінің алғашқы кезеңдерінен-ақ тіршілік пен тәрбиенің
әлеуметтік жағдайларына тәуелді болады. Тұлғаның қалыптасуы
– индивидтің адам өмірінің екінші-үшінші жылдарында қарқынды
жүретін ерте әлеуметтенуінің ұзақ және көп фазалы үдерісі болып
табылады. Осылайша, тұлғаның тарихы дүниеге келу мерзімімен
белгіленсе де, кешірек басталады.

                                     13

⇐ МАЗМҰНЫ
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18