Page 114 - index
P. 114

6-тақырып

            Жетілген және жетілмеген бәсеке
  жағдайындағы нарықтық құрылымдар және

                         олардың қызметтері

   Мақсаты: нарық жағдайындағы бәсеке теориясына, оның
түрлеріне, нарықтық құрылымдардың түрлеріне және олардың
шарттарына кеңірек тоқталу, сонымен қатар әртүрлі бәсекелестік
жағдайындағы баға мен өнім көлемін таңдау тетіктерін қарастыру.

   Талқылау сұрақтары:

   6.1.	 Нарықтық құрылымдар және олардың сипатты белгілері;
   6.2.	 Жетілген бәсеке және оның орындалу шарттары;
   6.3.	 Жетілмеген бәсекенің формалары: монополия, монополистік

          бәсеке, олигополия, т.б.;
   6.4.	 Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында баға мен өндіріс

          көлемін таңдау;
   6.5.	 Монополияға қарсы саясат.

   Негізгі ұғымдар: нарықтық құрылымдар, бәсеке, жетілген
бәсеке, жетілмеген бәсеке, монополия, олигополия, монополистік
бәсеке, монопсония, екі жақты монополия, бағалық дискриминация,
жарнама, бәсекелестікті қорғау, ашық монополия, жабық монополия,
табиғи монополия, монополиялық билік, монополияның зардаптары,
антимонополиялық саясат, т.б.

6.1. Нарықтық құрылымдар және олардың сипатты
                             белгілері

   Нарықтық құрылым көптеген белгілерімен ерекшеленетін күрделі
ұғым ретінде саналады. Нарықтық құрылым бәсекелестіктің әртүрлі
дәрежесімен анықталады.

   Нарықтық құрылым – бұл фирмалардың салалық нарықта
өзара әрекеттесу сипатын анықтайтын және нарықтық тепе-теңдіктің
қалыптасу әдістерін көрсететін нарықтық ұйымдастыру белгілерінің
жиынтығы.

   Нарықтық құрылымның типі салалық нарықтың негізгі белгісі
ретінде көрінетін ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да әрекет
ететін көптеген факторлармен анықталады. Нарықтық құрылымның

           114

⇐ МАЗМҰНЫ
   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119