Page 117 - index
P. 117

1. Монополия – нарықта бір ғана фирма сатушы ретінде жұмыс
істейтін бәсекелестіктің ең шеткі түрі.

   Қарастырып отырған тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма
бар және осы ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп есептесек, онда
мұндай нарық – монополия, ал фирма – монополист деп аталады.
Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдалана отырып, тауардың
бағасын бәсекелес фирманың бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде
белгілейді және бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде
ұсынады.

   Монополияға тән сипатты белгілер немесе оның шарттары:
    1.	 «Фирма» және «сала» түсініктері түйіседі;
    2.	 Сатып алушыларда тауарды таңдауда мүмкіндіктері болмайды;
    3.	 Таза монополист өнім шығарудың барлық көлемін бақылай

        отырып, бағаны кез келген бағытта өзгертеді және басқара
        алады;
    4.	 Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма
        болғандықтан, оның өніміне деген сұраныс қисығы бір мезгілде
        нарықтың да сұраныс қисығы болып табылады және ұсыныл­
        ған тауардың бағасын анықтайды;
    5.	 Таза монополия бәсекелестіктен биік кедергілермен (тосқауыл­
        дармен) қорғалады.
   Салаға кіруге қойылатын тосқауылдар – бұл салаға кіргісі
келетін жаңа фирмалардың кіру жолдарына қойылатын кедергілер.
Егер салаға кіру тосқауылдары неғұрлым жоғары болса, онда
монополиялық пайда соғұрлым тұрақты сипатта болады. Монополия
жағдайында барлық кедергілер былайша екіге бөлінеді:
    1.	 Табиғи (экономикалық) тосқауылдар – бұлар экономикалық
        себептерден туындайды (өндіріс масштабының тиімділігі,
        басты ресурстарды бақылау).
    2.	 Жасанды (заңды немесе құқықтық) тосқауылдар –
        институционалдық жолмен құрылатын, мысалы, үкімет іс-
        әрекеттерінің салдарынан (патенттер, лицензиялар немесе
        монополисттің әділетсіз іс-әрекеттері) туындайды.
   Таза монополия – бұл жетілген бәсекеге қарама-қарсы болып
табылатын нарықтық құрылымның ең шеткі түрі.
   Тағы бір айта кететін жайт, монополист-фирмалар өз өнімінің
бағасына бақылау жүргізе алғандықтан, оларды «баға іздеушілер»
немесе «жетілмеген бәсекелес фирма» деп те атайды. Яғни
монополист жетілген бәсекелес фирмаға («баға қабылдаушыларға»)

           117

⇐ МАЗМҰНЫ
   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122