Page 119 - index
P. 119

Монополиялық биліктің қажетті алғышарты – фирма тауарының
сұраныс қисығы төмен қарай көлбеулі болуы керек.

   Монополиялық биліктің сандық түрдегі сипаттамасын
анықтау үшін төмендегі көрсеткіштер қолданылады:

   1. Лернер индексі (IL) – монополиялық биліктің сандық мәнін
анықтайтын негізгі көрсеткіш. Кезінде 1934 жылы ағылшын эконо­
мисі Абба Лернер алғаш рет монополиялық билікті анықтаудың
осындай әдісін ұсынғандықтан, аталған көрсеткіш сол экономистің
атымен аталады. Ол мына формуламен анықталады:

                 IL = (Pm – MC) / Pm = 1 / EdP ,

мұндағы,  Pm  –  монополиялық   баға,  МС  –      шекті  шығын,  E  d   –
                                                                     P
сұраныстың бағалық икемділігі.

Жетілген бәсеке жағдайында баға шекті шығындар шамасына

тең және осы жағдайда Лернер индексі 0-ге тең болады. Баға шекті

шығындардан асып кеткен жағдайда индекс нөл мен бірдің аралығын­
да (0 < L < 1) орналасқан оң мәнге ие болады. Индекс 1-ге жақындаған

сайын фирма монополиялық биліктің үлкен көлеміне жақындайды.
   2. Херфиндаль-Хиршман индексі (IHH) – нарықтағы фирмалардың

шоғырлану (концентрация) деңгейін анықтайтын және нарықтың
барлық қатысушылары арасында нарықтық билікті бөлуді сипаттай­

тын көрсеткіш. Индексті есептеу үшін әрбір фирманың нарықтағы

жеке үлестері бөлшек ретінде шаршының алынуы керек және мына
формауламен анықталып, осы шаршылардың қосындысы арқылы

алынады:

                                     IHH = S2 1 + S2 2 + . . . + S2 n,

мұндағы, IHH – шоғырлану (концентрация) көрсеткіші, S2 1 – ең ірі
фирманың нарықтағы пайыздық үлес салмағы, S2 2 – көлемі бойынша
келесі фирманың нарықтағы пайыздық үлес салмағы, S2 n – ең кіші
фирманың үлес салмағы. IHH -дің ең жоғарғы шамасы – 10000, яғни
оның мәні салада тек бір фирма болғанда 10000-ға тең болады, өйткені
S2 1 – 100%. Егер салада 100 бірдей фирма болса, онда S2 1 = 1%-ке, ал
IHH 100-ге тең болады.

   2. Монополистік бәсеке – бұл салада өзіндік ерекшеліктері бар
тауарларды өндіретін және өзара бәсекеге түсетін көптеген фирма­
лар болатын, сонымен қатар олардың ешқайсысының нарықтық
бағаны бақылауға толық билігі болмайтын нарықтық құрылымның

                                119

⇐ МАЗМҰНЫ
   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124