Page 115 - index
P. 115

типін анықтайтын негізгі факторлардың бірнешеуін бөліп көрсетуге
болады:

   1. Өндірушілердің шоғырлануы;
   2. Сатып алушылардың шоғырлануы;
   3. Өнімді ерекшелендіру дәрежесі;
   4. Нарықтық ақпараттың толықтылығы;
   5. Салаға кіру және одан шығып кету мүмкіндіктері;
   6. Өндірушілердің бағаға бақылау жасай алу дәрежесі;
   7. Фирмалардың өзара әрекеттесу сипаты.
   Осы факторларды ескере отырып, нарық құрылымын негізгі төрт
түрін бөліп көрсетуге болады:
   •	 Жетілген (таза) бәсеке;
   •	 Абсолютті (таза) монополия;
   •	 Монополистік бәсеке;
   •	 Олигополия.

       6.2. Жетілген бәсеке және оның орындалу шарттары

   Жетілген бәсеке нарығы дегеніміз – нарықтағы бағаға әсер ете
алмайтын және оны өзгерте алмайтын, саны өте көп және көлемі
жағынан шағын фирмалар жұмыс істейтін нарықтық құрылымның
бір типі.

   Жетілген таза бәсеке үлгісі нарықтық құрылымның бір тұрпаты
ретінде бірқатар қатаң болжамдарға сүйенеді. Атап айтсақ, оның
шарттары төмендегідей болып табылады:

   1. Біртекті немесе стандартты өнім өндіретін және оны сататын
сатушылардың саны және осы өнімді сатып алушылардың саны
нарықта өте көп болады.

   2. Фирмалардың салаға кіруі және одан шығып кетуі еркін және
ол ешқандай тосқауылдармен шектелмейді.

   3. Әрбір жеке фирманың нарықтық үлесі соншалықты мардымсыз
болғандықтан олардың әрқайсысы бағаға бақылау жасай алмайды.

   4. Сатушылар да, сатып алушылар да нарықтың әрекет ету
жағдайлары мен бағалар туралы ақпараттарға толық ие бола алады.

   Осындай нарықтық құрылымның аталған шарттарына байланысты
оған жетілген бәсеке нарығы – бұл нарықтық бағаға әсер ете алмай­
тын, саны өте көп және көлемі жағынан шағын фирмалар әрекет ететін
нарық құрылымының бір типі деп анықтама беруге болады.

           115

⇐ МАЗМҰНЫ
   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120