Page 118 - index
P. 118

қарағанда өз пайдасын максималды дәрежеге жеткізе алатын тиімді
баға деңгейін іздейді және соны саналы түрде тағайындайды.

   Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты
монополияның мынадай түрлері болады:

    1.	 Жабық (жасанды) монополия – бәсекелестіктен заңды
        шектеулер көмегімен қорғалған монополияның бір түрі.

    2.	 Табиғи (мемлекеттік) монополия – белгілі бір өнімнің
        көлемін бір фирманың өндіруі және оны екі немесе одан да көп
        фирмаларда өндіргеннен гөрі арзанға түсетін өндіріс саласы.

    3.	 Ашық (кездейсоқ) монополия – берілген тауарды өндіретін
        тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай
        арнайы (заңдық шектеулер көмегімен) қорғанышы жоқ болатын
        жағдай.

   Таза монополияның тауарына деген сұраныс қисығы теріс көлбеулі
болады, сондықтан фирма өнім шығару көлемін бақылай отырып,
бағаға ықпалын тигізе алады. Егер сатушы өз тауарының өндіріс
көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол
монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.

   Кейбір жағдайларда таза монополия бағалық дискриминация
саясатын жүргізе алады, яғни сатып алушылардың әртүрлі тобына
сапасы да, шығындар деңгейі де бірдей тауарларды әртүрлі бағамен
сата алады.

   Бағалық дискриминация – монополист-фирманың сапалары
бірдей болып табылатын берілген тауар немесе қызмет бірлігінің
көлемін берілген шығындар деңгейінде әртүрлі бағалар бойынша
әртүрлі тұтынушыларға сатуын немесе сата алуын сипаттайтын
монополиялық тәжірибе.

   Бағалық дискриминацияны іске асырудың шарттары:
    1.	 Тұтынушының монополиядан сатып алған тауарын қайтадан

        сатып жіберуге мүмкіндігінің болмауы.
    2.	 Қарастырып отырған тауарды тұтынатын сатып алушыларды

        сатып алу қабілетіне қарай түрлі топтарға бөлу мүмкіндігінің
        болуы.
   Монополиялық билік – бұл фирманың нарықта сатылатын
тауарының санын өзгерту арқылы өзінің тауарының бағасына ықпал
ету қабілеті.
   Таза монополия шын (толық) монополиялық билікке ие бола алады.
   Егер нарықта ұқсас тауарларды өндіретін бір емес бірнеше

өндірушілер болса, онда монополиялық биліктің деңгейі өте

салыстырмалы болады.

           118

⇐ МАЗМҰНЫ
   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123