Page 116 - index
P. 116

Жетілген бәсекелес фирманың өніміне деген сұраныс қисығы баға
бойынша өте икемді болып табылады. Ол абсцисса осіне параллельді
түрде өтеді.

   Жетілген бәсеке нарығының артықшылықтары:
    1.	 Өнім өндіру технологиялық жағынан аса тиімді түрде жүзеге

        асырылады.
    2.	 Ресурстар оңтайлы дәрежеде бөлінеді.
    3.	 Кәсіпорындар тұрақты, әрі шығынсыз жағдайда жұмыс істейді.
   Жетілген бәсеке нарығының кемшіліктері:
    1.	 Нарықтың бұл типіне капиталдың үлкен бөлігіне ие бола

        алмайтын шағын кәсіпорындар тән болғандықтан, олар
        өнімділігі жоғары техника мен технологияны қолдануға
        қабілетсіз болып табылады;
    2.	 Ғылыми-техникалық прогресстің дамуына үлес қоса алмайды,
        өйткені ұзақ мерзімде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік
        жұмыстарды жүргізу көп қаржыны талап етеді;
    3.	 Қоғамдық игіліктерді өндіре алмайды.
   Сәйкесінше, осы аталған артықшылықтар мен кемшіліктер тек
жетілген бәсеке нарығына ғана тән болады алады, яғни осындай
ерекшеліктер нарықтық құрылымдардың басқа да типтері үшін
сипатты болып табылмайды.

6.3. Жетілмеген бәсекенің формалары: монополия,
        монополистік бәсеке, олигополия, т.б.

   Жетілген бәсекенің жоғарыда аталған шарттарының ең болмағанда
біреуі ғана бұзылатын болса, онда нарықта жетілмеген бәсекенің
формалары орын алады.

   Жетілмеген бәсеке жағдайында фирмалардың саны шектеулі
болып табылады, мұндай нарықтық құрылымдар жетілген бәсеке
нарығына қарағанда экономикалық жағынан тиімділігі төмен
нарықтар ретінде саналады. Себебі, жетілмеген бәсеке жағдайларында
фирма нарықт­ ағы бағаны бақылай алады, оның нарықтағы белгілі бір
үстемдігі орын алады және өнім көлемін жетілген бәсекеге қарағанда
салыстырмалы түрде аз өндіреді.

   Жетілмеген бәсекенің негізгі формаларын қарастырғанда кейбір
жағдайларда сатушылар да және сатып алушылар да нарықтық билік­
ке ұмтылып бағаға ықпал жасай алуы мүмкін.

   Жетілмеген бәсекенің негізгі формалары:

           116

⇐ МАЗМҰНЫ
   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121