Page 162 - index
P. 162

Мұнда, ТС (total costs) – жалпы шығындар;
FC (fixed costs) – тұрақты шығындар;
VC (veriable costs) – өзгермелі шығындар;
Q (quant) – өнім көлемі.

                                  8.1-сурет. Өндіріс шығындары

   Суреттен көріп отырғанымыздай, тұрақты шығындар абсцисса
осіне параллель болып келеді, себебі олар өнім көлеміне байланысты
болмайды. Ал өзгермелі шығындардың ауытқымасы жалпы
шығындардың сипатын қайталап отырады, өйткені бұлар өнім көлемі
артқанда немесе төмендегенде әртүрлі бағытта өзгеріп отырады.

   Фирманың өндіріс шығындары сапында орташа шығындар мен
шекті шығындардың да орын алуы аса маңызды болып табылады.
Фирма шешім қабылдау кезінде бұларды міндетті түрде ескереді.

   Орташа шығындар – бұл өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған
жалпы шығындар. Орташа шығындар жалпы шығындардың өнім
көлеміне қатынасы ретінде анықталады:

                          АС (average costs) = ТС / Q.

   Орташа шығындар үшке бөлінеді:
   1. Орташа тұрақты шығындар – өнімнің бір бірлігін өндіруге
жұмсалған жалпы тұрақты шығындар және ол жалпы тұрақты
шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:

                                  АFС = FС / Q.

   2. Орташа өзгермелі шығындар – өнімнің бір бірлігін өндіруге
жұмсалған жалпы өзгермелі шығындар және ол жалпы өзгермелі
шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:

                                  АVС = VС / Q.

           162

⇐ МАЗМҰНЫ
   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167