Page 163 - index
P. 163

3. Орташа жалпы шығындар – орташа тұрақты және орташа
өзгермелі шығындардың қосындысы:

                               ATC = AFC + ATC.

   Шекті шығындар – бұл өнімнің келесі бір бірлігін өндірумен
байланысты өндіріске тартылған қосымша шығындар. Бұл шығындар
жалпы және өзгермелі шығындардың өзгерісін туындатады және осы
шығындар өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде
анықталады:

      МС (marginal costs) = ∆TC / ∆Q, немесе МС = ∆VC / ∆Q.

   Шекті шығындардың өнім өндіру көлеміне тікелей қатысы
болғандықтан, олар тұрақты шығындарға әсер етпейді. Сол себепті,
қосымша тұрақты шығындар әрқашанда нөлге тең болады: МFC = 0.

   Төмендегі кестеде шекті шығындарды есептеудің жолы көрсетіл­
ген. Мысалы:

     Өндірілген    Жалпы шығындар, долл. Орташа шығындар, долл.
тауарлардың саны,
                   4 200      100
         дана      4 257      99
                   4 312      98
          42       4 365      97

          43

          44

          45

                           Шекті шығындар

4 257 – 4 200 = тауардың 43-данасына 57 доллар жұмсалды
4 312 – 4 257 = тауардың 44-данасына 55 доллар жұмсалды
4 365 – 4 312 = тауардың 45-данасына 53 доллар жұмсалды

8.3. Фирманың табыстары және оның түрлері

   Табыс – бұл фирманың өнімнің белгілі бір көлемін сатудан
түскен жалпы түсімі. Жалпы түсім нарықтағы тауардың бағасына
және өткізілетін өнімнің көлеміне тәуелді болып табылады. Алайда,
фирманың табыстарын пайдамен шатастыруға болмайды.

   Фирма табыстарының негізгі үш түрі болады:
   1. Жалпы табыс – тауардың бағасы мен өнім көлемінің
көбейтіндісі.

                   TR = P×Q.

                   163

⇐ МАЗМҰНЫ
   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168