Page 161 - index
P. 161

Сонда баламалы шығындар «айқын» (ақшалай) және «айқын емес»
шығындардың сомасына тең болады.

   Фирма өнідіріс көлемі мен ұсынысты анықтау үшін ең алдымен осы
баламалы шығындарға назар аударады, себебі, оларды алдағы уақытта
нарықта тауарлар ұсынысын шектейтін фактор ретінде қарастырады.
Әрбір фирма баламалы шығындарын әрдайым төмендетуге тырысады,
өйткені олардың өсуі пайдасын төмендетуге алып келеді.

   Сонымен қатар, экономикалық шығындардың құрамына қалыпты
пайда да кіреді. Қалыпты пайда кәсіпкерлік қабілет факторынан
түсетін және іскерлік белсенділікті жүзеге асырудан келетін ең
минималды қамтамасыз етілген таза табыстың түрін білдіреді. Олай
болса, бухгалтерлік шығындар экономикалық шығындардан айқын
емес шығындар мен қалыпты пайда шамасына кіші болып келеді.

   Өндіріс шығындарын анықтаудағы экономикалық көзқарас
шығындардың құрамын белгілеуге және шығын элементтерінің
шығарылым көлемін арттыруға әртүрлі қатысатындығын анықтауға
мүмкіндік береді.

   Қысқа мерзімді өндіріс үдерісінде өндіріс шығындары үшке
бөлінеді:

   1. Тұрақты шығындар – өнім көлеміне әсер етпейтін тәуелсіз
шығындар. Бұл шығындар өнім өндірудің алдында және өнім
өндірісі тоқтағанда орын алады. Тұрақты шығындардың құрамына
ғимараттарды, құрылыстарды және құрал-жабдықтарды пайдалану
шығындары, әкімшіліктік-басқарушылық шығындар, арендалық
төлемдер, несиелік төлемдер жатады.

   2. Өзгермелі шығындар – өнім көлемінің өзгеруіне байланысты
өзгеріп отыратын тәуелді шығындар. Фирма өнім өндірмегенде
немесе оны тоқтатқанда мұндай шығындар орын алмайды. Өзгермелі
шығындарға шикізаттарға, отын-материалдарға және жалдамалы
жұмысшыларға еңбекақы төлеуге кеткен шығындар жатқызылады.

   3. Жалпы шығындар – өндірістің тұрақты және өзгермелі
шығындарының қосындысы. Фирма үшін бұл шығындар өнімнің
белгілі бір көлемін өндірудің ең минималды ақшалай шығындары
болып табылады. Өндірілетін өнімнің саны артқан сайын жиынтық
жалпы шығындар өседі.

   Аталған шығындардың анықталуы мен графиктері төменде
көрсетілген.

                                  ТС = FC + VC,

           161

⇐ МАЗМҰНЫ
   156   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166