Page 184 - index
P. 184

жерде экономикалық субъектілер капиталдың белгілі бір тепе-теңдік
көлемін белгілі бір тепе-теңдік пайыз деңгейінде сатуға және сатып
келіседі. Оны төмендегі суреттен көруге болады.

                        9.6-сурет. Капитал нарығындағы тепе-теңдік

   Пайыз мөлшерлемесі екіге бөлінеді:
    1.	 Атаулы пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке

        алмайтын банктің тағайындаған ағымдағы нарықтық пайыздың
        шамасы.
    2.	 Нақты пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке
        алатын атаулы пайыз мөлшерлемесінің сатып алушылық
        қабілеті. Ол атаулы пайыз мөлшерлемесі (i) мен алдағы мүмкін
        болатын инфляция қарқыны (π) арасындағы айырмашылықты
        білдіреді:

                                                r = i – π,

мұнда, r – нақты пайыз мөлшерлемесі. Мысалы, инфляцияның
жылдық қарқыны 10%-ды құраса, банктің белгілеген атаулы пайыз
мөлшерлемесі 15% болса, онда оның нақты деңгейі 5%-ға тең.

                        9.4. Жер нарығы және рента

   Жер нарығын қарастырудың алдында жерді иемдену және жерді
пайдалану сияқты негізгі екі ұғымды түсініп алу керек.

   Жерді иемдену деп қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаның
тарихи қалыптасқан жағдайларда белгілі бір жер теліміне деген
құқығын анықтауды және соны мойындауды айтады. Жерді иемденуді
оның иесі жүзеге асырып оған меншік құқығын қалыптастырады.

   Жерді пайдалану – бұл белгілі жер телімін бекітілген заңдық
тәртіппен қажетті мақсаттарда қолдану. Жерді пайдаланушы
әрқашанда оның иесі болып табыла бермейді. Нақты шаруашылық

           184

⇐ МАЗМҰНЫ
   179   180   181   182   183   184   185   186   187   188   189