Page 182 - index
P. 182

көзі адамдардың тұтыну тауарларына деген сұраныстарының көлеміне
және олардың бағаларына айтарлықтай әсер етіп отырады.

           9.3. Капитал нарығы және пайыз

   Капитал теориясы экономикалық теорияда аса күрделі сұрақ­
тард­ ың бірі ретінде саналады. Басты мәселесі – бұл жекелеген
индивидтер­дің, фирмалардың және басқа да тұлғалардың капиталға
қатысты ресурстар бойынша шешім қабылдағанда олардың
уақытаралық таңдау жасай алуының қарастырылуы, яғни бұл жерде
ақшалай капиталды бүгінгі және болашақ кезеңдер аралығында
қалайша тиімді пайдалануға болатындығы сөз етіледі.

   Жалпы алғанда, капитал кең мағыналы ұғым болып табылады.
Осыған байланысты, капиталға бірнеше анықтама беруге болады:

   Капитал – бұл негізгі өндіргіш күштерден тұратын өндіріс құрал-
жабдықтары түріндегі физикалық капитал.

   Капитал – бұл белгілі бір табыс ағынын қалыптастыратын кез
келген құндылық.

   Капитал – бұл белгілі бір уақыт бойы жинақталған өндірістік және
өндірістік емес мақсаттағы қорлар.

   Экономикалық теорияда ақшалай және өндірістік нысандағы
капиталдың түрлеріне сұраныс пен ұсыныс қалыптасады. Капитал
нарығында ұсынысты калыптастыратын үй шаруашылықтарын
жинақтаушылар деп атаса, фирма тарапынан сұраныс білдірушілерді
инвесторлар дейді. Капиталға деген сұраныс – бұл инвестициялық
шешім қабылдауға мүмкіндік беретін бизнес өкілдерінің ақша-
қаражаттарын және өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға деген
қажеттіліктері. Капитал ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының
өз қолындағы бос ақша-қаражаттарын және ақшалай салымдарын
бизнеске материалдарға сұраныс түрінде қолдануға беруі. Әдетте,
капиталға сұраныс пен ұсыныс қатынастары банк қызметтері арқылы
жүзеге асырылады. Үй шаруашылықтары өз қаражаттарын банкке
белгілі пайыз түрінде табыс алу үшін жинақтайды, ал фирмалар осы
жиналған қаражаттарды банктен несиелік қарыз құралдар түрінде
сатып алып өздерінің инвестициялық жобаларын іске асырады.

   Капиталға деген сұранысты мынадай факторлар анықтайды:
   1. Инвестициялық табысты максималдау;
   2. Нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі;
   3. Салық салу деңгейі;

           182

⇐ МАЗМҰНЫ
   177   178   179   180   181   182   183   184   185   186   187