Page 241 - index
P. 241

микалық динамиканың сипатын өзгерте отырып, экономикалық
циклдің қадамына маңызды түрде ықпал жасаудан көрінеді.
Мемлекеттік реттеудің салдарынан циклдік қозғалыстың механизмі
өзгереді.

   Циклдік толқуларды жұмсартуға бағытталатын мемлекеттік реттеу
антициклдік сипатқа ие болады. Мемлекеттің экономикалық циклге
әсер етуінің аса маңызды әдістеріне ақша-несие және бюджет-салық
саясатының құралдары жатады. Дағдарыс жағдайында мемлекеттің
шаралары өндірісті ынталандыруға, ал өрлеу жағдайында оны
тежеуге бағытталады. Себебі, экономиканың «қызып кетуін» суыту
мақсатында мемлекет өрлеу фазасында несиенің қымбаттауына, жаңа
салықтарды енгізуге және ескі салықтарды көтеруге, жеделдетілген
амортизацияны тоқтатуға және жаңа инвестицияларға салықтық
жеңілдіктерді алып тастауға мүмкіндік жасайды. Ал дағдарыс
жағдайларында керісінше, мемлекеттік шаралар несиені арзандатуға,
салықтарды қысқартуға, амортизацияны жеделдетуге және жаңа
инвестицияларға салықтық жеңілдіктерді қолдануға бағытталады.

   Жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс және оны жою
бойынша Қазақстан үкіметінің іс-шаралары.

   Қазіргі дағдарыстың басталуына қаржы нарығында туындаған
диспропорциялар себеп болды. Нақты секторда жүзеге асырылмай
қалған үлкен қаржылық қорлар мен жинақтаулар өз бетінше өмір
сүріп, әлемдік экономикаға айтарлықтай қауіп төндірді. 2008 жылдың
ортасына қарай, барлық қаржылық құралдардың, соның ішінде
әртүрлі бағалы қағаздардың жалпы құны 684 трлн. долларға жететін
астрономиялық соманы құрады. Жасанды ақшаларды айналдыра
берудің арқасында үлкен «көпіршіктер» пайда болды.

   Тұрақсыздық жағдайында ақшалардың өтімділігі жоғалып, олар
енді сенімді қорларды іздей бастады. Экономикалық зиян болып
табылатын ақшалардың ағылуы ипотекалық дағдарыстың тікелей
жоғалтуларынан бірнеше есе асып кетті. Бұл зиян 3,8 трлн. долларға
бағаланды. Ал дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы әлемдік көлемі
9,2 трлн. долларға тең болып табылады. Өтімділіктің төмендеуі
нәтижесінде несие ресурстарын кеңінен пайдаланатын экономиканың
кейбір салалары, әсіресе, құрылыс саласы ақшасыз қалды. Ипотека­
лық дағдарыс салымшылардың жалпы үрейін туғызды, инвесторлар-
дың қаржылық тұрақсыздығын арттырды, олар қарыздарын жаба
алмай әуре-сарсаңға түсті.

           241

⇐ МАЗМҰНЫ
   236   237   238   239   240   241   242   243   244   245   246