Page 243 - index
P. 243

біртіндеп әлемдік қаржы нарықтарындағы өтімділік дағдарысы болып
ұласып, осының барлығы шикізат өнімдеріне сұраныстың төмендеуі,
олардың бағаларының күрт қысқаруы, жұмысбастылық деңгейінің
төмендеуі сияқты құбылыстармен сәйкес келді. Бұл экономикалық
өсудің қарқынын маңызды түрде төмендетті. Егер 2000-2006 жылдар
аралығында ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 10%-дық ең
жоғары көрсеткішке жеткен болса, онда 2007 жылы бұл көрсеткіш
7,7%-ды құрады, ал 2008 жылы 2%-ға және 2009 жылы -0,2%-ға дейін
төмендеп кетті.

   Ел экономикасы алыпсатарлық капиталдың шеңберінде болды,
тұрғын үй нарығының күрт дамуы тез басылды. Бұл салаға инвести­
ция тарту банктердің шектен тыс іс-әрекеттерімен жалғасып, олардың
тәуекелі дұрыс есептелмеді, өтімділік тапшылығының масштабтары
болжанған межеден асып кетті. Сөйтіп, өтімділік дағдарысы
банктердің қызметіне де әсер етті. Банк жүйесінің көрсеткіштері
нашарлап кетті, олардың пайдалары шамамен үш есеге азайды,
машақаты көп несиелердің үлесі өсіп, мерзімі өткен қарыздары көбейе
түсті. Ең алдымен, құрылысшылардың, тамақ өнеркәсібі саласының,
металлургияның және ауыл шаруашылығының банктер алдында
қарыздары өсті.

   Ел экономикасы үшін өзекті мәселе болып мұнай, металл, руда
сияқты шикізат өнімдеріне бағалардың және оларға сұраныстың
төмендеуі табылды. Өз кезегінде, шикізаттарға сұраныстың төмендеуі
оның өндірісінің төмендеуіне және жұмыспен қамтылғандар санының
қысқаруына алып келді.

   Дағдарыстың бастапқы белгілері кезінде республика басшылығы
бірқатар іс-шараларды қабылдап үлгерді. Әзірленген және орындалып
үлгерген шаралар өз жемісін бере бастады. Оған елдің алтын
валюталық қоры және депозиттер көлемі мүмкіндік берді. Депозиттік
салымдарды сақтандыру нормалары күшейтілді. 2007 жылдың күзінде
мемлекеттік бюджеттен дағдарысты еңсеруге 550 млрд. теңге (4,6
млрд. долл.) бөлінді. Екінші деңгейлі банктер арқылы құрылысшылар
184,7 млрд. теңге (1,5 млрд. долл.), шағын және орта бизнес 155 млрд.
теңге (1,3 млрд. долл.), ауыл шаруашылығы 135 млрд. теңге (1,1 млрд.
долл.) алды.

   Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржылық қадағалау агенттігі-
нің қабылдаған бірлескен іс-қимыл жоспарында (Дағдарысқа қарсы
бағдарламада) тұрақтандыру шараларының көлемі 2  172 млрд.
теңгеге (18,1 млрд. долл.) жетті. Ұлттық қордан қаржыландырылатын

           243

⇐ МАЗМҰНЫ
   238   239   240   241   242   243   244   245   246   247   248