Page 242 - index
P. 242

Пайда болған дағдарыстың толқыны әлемдік экономикалық
кеңістікті шарпыды, ол АҚШ, Еуроодақ, Жапония және басқалары
сияқты әлемнің алдыңғы қатарлы экономикаларының өндіріс
көлемдерін төмендетуге алып келді. Экономикалық өсу қарқынының
төмендеуі, жұмыссыздықтың өсуі, инфляцияның шарықтауы және
тұтынушылық сұраныстың төмендеуі әлемдік экономиканы жалпы
құлдыратты. Экономикалық көрсеткіштердің нашарлауы соңғы
40-жылдық көрсеткіштердің төмендеуінен асып түсті. Дамыған
елдердің үкіметтері қабылдаған шаралары жеткіліксіз, экономикалық
өсу қарқынының төмендеуін тоқтату мүмкін болмай отыр.

   Дағдарыстық құбылыстар әлемнің көптеген дамушы елдерін де
айналып өтпеді. Дамыған елдердегі дағдарыс дамушы елдермен
өндірілетін шикізат түрлеріне, соның ішінде, мұнайға сұраныстың
төмендеуімен, тауарлар мен қызметтерді өткізу нарықтарының
тарылуымен, компаниялардың жаппай жабылуымен жалғасты.
Дағдарыстың бұл кезеңі шикізат өнімдерінің экспортына тәуел­
ді елдердің өз бюджеттерін толтыруда және дамудың өзін­
дік бағдарламаларын жүзеге асыруда күрделі сәтсіздіктерге
ұшырайтындығын көрсетіп берді. Мәселен, Үндістанның экспорт
көлемі 12%-ға, Қытайдың импорт көлемі 18%-ға қысқарды. Өндірістің
құлдырауынан жұмысбастылық қысқарды, әлеуметтік мәселелер
шиеленісті, қоғамда саяси қақтығыстар күшейді. Соңғы деректерге
сәйкес, 200 миллионға тарта адам кедейшілікке ұшыраған. Әлемнің
дамыған және дамушы елдерінде халықтың әл-ауқаттылығын
көтерудің көп жылғы талпыныстары сәтсіздікке айналды.

   Сонымен, қазіргі сарапшылар жаһандық қаржылық-экономикалық
дағдарыстың салдарларын АҚШ-тағы құрылымдық дағдарыспен,
Жапония мен Еуроодақтағы циклдік дағдарыспен, дамушы елдердегі
шикізаттық дағдарыспен, Қытай мен Үндістандағы тауарларды артық
өндіру дағдарысымен байланыстырады.

   Жаһандану жағдайында әлемдік дағдарыстық құбылыстардың
ұлттық экономикаға әсері маңызды түрде өсті. Әлемдік шаруа­
шылықтың интеграциялық үдерістеріне кірігумен байланысты
көптеген елдер сыртқы факторлардың әсеріне аса сезімтал болды.
Осындай факторлар Қазақстанға да өз әсерін тигізбей қоймады.
2000 жылдан бастап 2007 жылға дейін Қазақстанның ұлттық
экономикасы аса жоғары қарқынмен дамығанымен, 2007-2008
жылдары еліміздің бірқатар секторларында құлдырау орын алды, ол
негізінен, құрылыс пен қаржы секторларында болды. Бұл құлдырау

           242

⇐ МАЗМҰНЫ
   237   238   239   240   241   242   243   244   245   246   247