Page 259 - index
P. 259

13-тақырып

      Жұмыссыздық пен инфляция мәселелері
макроэкономикалық тұрақсыздықтың көрінісі

                                     ретінде

   Мақсаты: макроэкономикалық тұрақсыздықтың негізгі белгілері
ретінде көрінетін жұмыссыздық пен инфляцияның негізгі себептеріне,
түрлеріне, көрсеткіштеріне және оларға қарсы реттеу шараларына
кеңінен тоқталу.

   Талқылау сұрақтары:

   13.1.	Жұмыссыздық: мәні, пайда болу себептері, түрлері, зардап­
          тары, оған қарсы күрес шаралары. Оукен заңы;

   13.2.	Инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, әлеуметтік-
          экономикалық салдарлары. Филлипс қисық сызығы. Инфля­
          цияға қарсы саясат.

   Негізгі ұғымдар: жұмыссыздық, толық жұмысбастылық,
жұмыссыздық деңгейі, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, еркін
жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, кезеңдік жұмыссыздық,
Оукен заңы, жұмыссыздықтың зардаптары, инфляция, дефляция,
дезинфляция, инфляция қарқыны, баяу инфляция, үдемелі инфляция,
гиперинфляция, импортталған инфляция, ашық инфляция, жабық
инфляция, Филлипс қисық сызығы, инфляцияға қарсы саясат, т.б.

13.1. Жұмыссыздық: мәні, пайда болу себептері, түрлері,
 зардаптары, оған қарсы күрес шаралары. Оукен заңы

   Статистикалық органдар әдетте, жұмысбастылыққа қатысы бар
адамдар-ды бірнеше категорияға бөліп көрсетеді. Ол харекетшіл
халықты немесе 16 жасқа (АҚШ, Франция, Швеция, Ұлыбритания,
Ресей) немесе кейбір елдерде 15 жасқа (Австралия, Канада, Германия,
Жапония, Голландия, Италия, Қазақстан) толған және ол жастан
асқан азаматтарды қамтиды. Жұмыс күші жұмыспен қамтылған
азаматтардан және жұмыссыздардан құралады. Жұмыссыздар – бұл
табыс табуға құқық беретін жұмыс орнын иеленуге мұқтаж, еңбек
етуге қабілеті мен ынтасы бар азаматтар.

   Жұмыссыздардың құрамына жасы мен денсаулығы бойынша
жұмысқа жарамсыз адамдар, жұмысқа жарамды, бірақ белгілі бір

           259

⇐ МАЗМҰНЫ
   254   255   256   257   258   259   260   261   262   263   264