Page 260 - index
P. 260

себептерге байланысты жұмыс орнына үмітті емес адамдар (үй
шаруасындағы әйелдер), жұмысқа жарамды және жұмыс іздеп жүрген,
бірақ еңбек биржасында тіркелмеген адамдар кірмейді.

   Жұмыссыздар екіге бөлінеді: толық және толық емес. Соңғысына
толық емес жұмыс күніне немесе қандай да бір экономикалық
себептерге байланысты толық емес жұмыс аптасына қамтылған
азаматтар кіреді. Бұл жерде әртүрлі себептерге байланысты толық
емес жұмыс күнін ерікті түрде қалайтын жұмыскерлер (мәселен, көп
балалы аналар, бос уақыттың көп болуын тілейтін адамдар) жұмыспен
қамтылғандардың қатарына жатады.

   Статистикалық органдар екі маңызды көрсеткішті есептейді:
жұмыс күшінің харекетшіл халықтағы үлесі және жұмыссыздық
деңгейі.

      Харекетшіл халықтың жұмыс күшіне қатысу деңгейі =
               Жұмыс күші / Харекетшіл халық × 100%.

   Тәжірибе жүзінде, харекетшіл халықтың жұмыс күшіне қатысу
деңгейі 57-66% аралығында болады.

   Жұмыссыздық деңгейі екі әдіспен анықталады:

   1)	 Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны / Жұмыс күші
       (жұмыспен қамтылғандар + жұмыссыздар) × 100%.

   2)	 Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны / Харекетшіл
       халық (жұмыс күші + өздігінен қамтылғандар) × 100%.

   Негізінен, дамыған елдерде жұмыссыздық деңгейі 5% бен 12%
аралығын қамтиды. Ал отандық статистикалық деректерге сүйенсек,
Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі жылдан жылға төмендеп келеді.
Оны төмендегі кестеден байқауға болады.

13.1-кесте. 2001-2013 жылдар аралығындағы Қазақстандағы
                жұмыссыздық деңгейі пайызбен

2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013
10,4 9,3 8,8 8,4 8,1 7,8 7,3 6,6 6,6 5,8 5,4 5,3 5,2

Дерек көзі: www.stat.gov.kz

   Сонымен, Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары мен
өлшемдеріне сәйкес жұмыссыздарға халықтың экономикалық
белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы (15 және одан жоғары
жастағылар), қаралған кезеңде:

                             260

⇐ МАЗМҰНЫ
   255   256   257   258   259   260   261   262   263   264   265