Page 262 - index
P. 262

Монетаризм теориясы болса жұмыссыздықтың пайда болу себебін
мемлекеттің ақша-несие саясатын дұрыс жүргізбеуінен деп дәлелдеуге
тырысады. Елдегі ақша массасын және оның айналымын дұрыс реттей
отырып, өндіріс үдерісін тиімді ұйымдастыруға болады.

   Ағылшын экономисі Томас Мальтустың (1766-1834) атымен
байланысты мальтузиандық теория жұмыссыздық мәселесінің
туындауын елдегі халық санының өсуімен байланыстырады. Халық
саны әр 25 жылда екі еселеніп отырады, ал оларға қажетті тұтыну
заттары олай өсе алмайды, сол себепті тұрғындардың бір бөлігіне
өмір сүру құралдары жетіспей олар кедейленеді және жұмыссыздыққа
ұшырайды. Сондай-ақ, халық санының өсуімен қатар, елге сырттан
имигранттардың келуі де бұл мәселені ушықтырып жіберуі мүмкін
деп айтады.

   Жұмыссыздықтың түрлері. Экономикалық теорияда жұмыс­
сыздықтың кең тараған бірнеше түрлері орын алады.

   1. Еркін жұмыссыздық (фрикциондық) – бұл адамның бір
жұмыс орны-нан кетіп, басқа бір жұмыс орнына орналасуына дейінгі
уақыт аралығын қамтитын уақытша қысқа мерзімді жұмыссыздық.
Жұмыссыздықтың бұл түрі еңбек нарығының жетілмегендігімен,
жұмыс орындары туралы ақпараттың болмауымен және басқа да
техникалық себептерге байланысты түсіндіріледі.

   2. Құрылымдық жұмыссыздық – бұл сұраныстың құрылымында
және өндірістің технологиясында болған өзгерістерден туындайтын
ұзақ мерзімді мәжбүрлі жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі
қандай да бір материалдық ресурстың жетіспеуінен, адамның жас-
жыныстық, ұлттық, біліктіліктік және басқа да жеке ерекшеліктеріне
байланысты орын алады. Мұндай жағдайда еңбек бөлінісінің
жылдам өзгеруіне байланысты ұсыныстың құрылымы еңбекке деген
сұраныстың құрылымына сәйкес келмей қалуы мүмкін. Экономика
дамыған сайын кейбір мамандықтарға сұраныс азаяды, ол ескіреді,
ал оның орнына қоғам талабына сай жаңа маман иелеріне сұраныс
арта түседі.

   3. Кезеңдік жұмыссыздық (циклдік) – бұл өндірістің кезеңдік
құлдырауынан туындайтын жаппай жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың
бұл түрі ЖІӨ-нің үнемі ауытқып отыруымен байланысты. Дағдарыс
кезеңдерінде жұмысбастылық деңгейі төмендейді, барлық маман
иелері жұмыстан мәжбүрлі түрде қысқартылады, ал өрлеу кезеңдерін­
де жұмысбастылық деңгейі ұлғаяды.

   4. Технологиялық жұмыссыздық – бұл адамдардың еңбек күшін

машинамен алмастыру нәтижесінде пайда болатын жұмыссыздық.

           262

⇐ МАЗМҰНЫ
   257   258   259   260   261   262   263   264   265   266   267