Page 261 - index
P. 261

- жұмыссыз болған (табысты жұмысы болмаған);
   - оны іздеумен белсенді айналысқан;
   - уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын болған
деген үш негізгі критерийлерге бір мезгілде жауап берген адамдар
кіреді.
   Жұмыссыздықтың себептері. Ұзақ уақыт бойы батыстың
экономикасы жұмыссыздықты еркін құбылыс деп танып келді.
Жұмыссыздықтың себебі жұмыскерлердің тым аз жалақыға жұмыс
істегісі келмейтіндігінен туындайды. Олардың осындай жалақыға
келіспейтіндігінен жұмыссыздық пайда болады деп түсіндірді.
   Марксизм теориясы мәжбүрлі жұмыссыздық мәселесін алға
тартады. Жұмыссыздықты капиталдың жинақталуының нәтижесі
деп білді. Жұмыс күшіне деген сұраныс капиталдың барлығымен
емес, тек еңбек ресурстарын сатып алуға жұмсалған капиталдың
мөлшерімен ғана анықталады. Капиталдың жинақтала беруіне
байланысты капитал-еңбек қатынасы артады. Физикалық капиталдың
(құрал-жабдықтар, материалдар, шикізаттар) жалпы капиталдың
құрамындағы өседі, ал адам капиталының үлесі азая береді. К.
Маркстің пікірінше, еңбек өнімділігінің артуы жұмысшыларды
ығыстырады. Бұдан басқа, өндірістің дамуының циклдік сипаты
жұмысшылардың бірқатар тобын жұмыстан мәжбүрлі түрде босатып
отырады, дағдарыс пен тоқырау фазаларында жұмыссыздық өседі, ал
жандану мен өрлеу фазаларында ол азаяды.
   Батыстың экономикалық әдебиеттерінде жұмыссыздық мәселесі­
нің мәжбүрлі сипатқа ие болатындығын алғаш мойындаған Дж.
Кейнс деп айтылады. Бірақ ол жұмыссыздықтың бірқатар бөлігінің
ерікті түрге ие болатындығын да жоққа шығармаған. Кейнстік теория
жұмыссыздықтың пайда болу себебін тұрғындардың тауарларға деген
сұранысының жеткіліксіздігінен, олардың төлем қабілеттігінің төмен
болуынан және жалақы мөлшерлемесінің тым жоғары болуынан деп
түсіндіреді. Жиынтық сұраныстың жеткіліксіздігінен адамдардың
жинақтауға деген бейімділігі мен инвестициялық белсенділіктері
әлсіз болады.
   Неоклассикалық теорияның көрнекті өкілі А. Пигу 1923 жылы
жарияла-ған «Жұмыссыздық теориясы» еңбегінде осы мәселенің
қыр-сырын басқаша түсіндіре алды, яғни неоклассиктердің ойынша,
жұмыссыздықтың басты себебі болып жалдамалы жұмыскерлердің
өз жұмыс орындарын ерікті түрде таңдауы табылады. Жұмысшылар
аса жоғары жалақыға ғана жұмыс істеуге дайын, сондықтан жұмыс

күшіне деген сұраныс төмендейді.

           261

⇐ МАЗМҰНЫ
   256   257   258   259   260   261   262   263   264   265   266