Page 264 - index
P. 264

нас Оукен заңы деген атқа ие болды. Оукен заңы – жұмыссыздықтың
нақты деңгейі өзінің табиғи деңгейінен 1% асқанда ЖІӨ-нің нақты
өндірілген көлемі 2,5%-ға жоғалады дейтін тұжырымдама. Ал 2,5%
Оукен коэффициенті деп аталады.

   Оукен заңы мынадай формуламен жазылады:

                             Y* – Y / Y* = γ (u – u*),

мұндағы, Y* – толық жұмысбастылық жағдайындағы өндірістің
әлеуетті көлемі; Y – ұлттық өндірістің нақты көлемі; u – жұмыс­
сыздықтың нақты деңгейі; u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
γ – Оукен коэффициенті. Осының нәтижесінде өндіріс көлемінің
жұмыссыздықтың нақты деңгейіне тәуелді екендігін байқауға болады.

   Жұмыссыздықтың қоғамға тигізетін экономикалық зардаптарынан
басқа, оның әлеуметтік зияндары да бар. Олар жұмысшының өзіне
жағымсыз түрде әсер етеді. Жұмыссыздықтың салдарынан адамдар­
дың біліктілігі жоғалады, жұмысқа жарамдылығы төмендейді, өзін-
өзі сыйлаудан қалады, адамгершілігі жоғалып, моральдік жағы­нан
күйзеліске ұшырайды, өзінің атақ-даңқы мен абыройынан айырыл­ ады,
отбасылық ажырасуларға алып келеді, табысы жоғалғандықтан ұрлау,
тонау, қарақшылық жасау, өз-өзіне қол жұмсау сияқты қылмыстық
әрекеттер де орын алады.

   Сондықтан жұмысбастылықты және жұмыссыздық мәселесін
мемлекеттік реттеу өте маңызды болып табылады. Жұмысбастылық
пен жұмыссыздықты реттеу шаралары мыналарды қамтиды:
жұмыссыздық бойынша сақтандыру, кадрларды даярлау және қайта
даярлау, өнеркәсіпті субсидиялау, қоғамдық қажетті жұмыстарды
ұйымдастыру (мысалы, инфрақұрылым салаларын жетілдіру, жол
құрылысы, т.б.), еңбек қызметінің ұзақтылығын, жұмыс аптасын және
жұмыс күнін реттеу.

   Сонымен қатар жұмысбастылық мәселесі мемлекетпен ғана емес,
нарық-пен де реттелуі мүмкін.

13.2. Инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері,
 әлеуметтік-экономикалық салдарлары. Филлипс
      қисық сызығы. Инфляцияға қарсы саясат

   Экономикалық құбылыс инфляцияның пайда болуын негізінен,
қағаз ақшалардың шығуымен және оның қызметімен байланыс­
тырады. «Инфляция» термині латын тілінің «inflatio» сөзінен

           264

⇐ МАЗМҰНЫ
   259   260   261   262   263   264   265   266   267   268   269