Page 266 - index
P. 266

- ашық инфляция – нарықтық қатынастар жағдайында бағалар­
дың айқын түрде еркін құбылуы немесе өсуі;

   - жабық инфляция – бағалар мен жалақының деңгейі мемлекеттің
қатаң бақылауында болатын және негізгі нысаны тауар тапшылығы
арқылы көрінетін инфляцияның бір түрі.

   2) Зерттеу нысанына байланысты инфляцияның үш түрі бар:
   - ұлттық инфляция;
   - аймақтық инфляция;
   - әлемдік инфляция.
   3) Экономиканың ішкі және сыртқы факторларына байланысты:
   - импортталған инфляция;
   - экспортталған инфляция.
   4) Бағалардың өсу қарқынына байланысты инфляция үш түрге
бөлінеді:
   - баяу инфляция – бағалардың өсу қарқынының жылына 10%-ға
дейін болуы;
   - өршімелі инфляция – бағалардың өсу қарқынының жылына
200%-ға дейін болуы;
   - гиперинфляция – бағалардың өсу қарқынының жылына 200%-
дан асуы.
   Мәселен, өткен ғасырда, бағалардың өсу қарқынының өте жоғары
деңгейлерін, әсіресе, гиперинфляцияны бастан кешірген мемлекеттер
көп, соның ішінде, Қазақстан да 90-жылдардың басында өтпелі
экономика жағдайында нарықтық қатынастарға көшу барысында
инфляцияның аса жоғары қарқынына тап болды. 1992-1994 жылдар
аралығында елімізде гиперинфляция құбылысы байқалды (13.2-кесте).

         13.4-кесте. Қазақстандағы инфляция қарқыны
кезең соңына, өткен жылғы желтоқсанға пайызбен, өсуі

1991 ж. –  1995 ж. –  1999 ж. –       2003 ж. –  2007 ж. –  2011 ж. – 7,4
147,1      60,3       17,8            6,8        18,8       2012 ж. – 6,0
                                                            2013 ж. – 4,8
1992 ж. –  1996 ж. –  2000 ж. –       2004 ж. –  2008 ж. –
2960,8     28,7       9,8             6,7        9,5

1993 ж. –  1997 ж. –  2001 ж. –       2005 ж. –  2009 ж. –
2165,0     11,2       6,4             7,5        6,2

1994 ж. –  1998 ж. –  2002 ж. –       2006 ж. –  2010 ж. –
1158,3     1,9        6,6             8,4        7,8

Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі, www.stat.gov.kz

                                 266

⇐ МАЗМҰНЫ
   261   262   263   264   265   266   267   268   269   270   271