Page 265 - index
P. 265

аударғанда «қампаю», «ісіну» деген мағынаны береді. Алғаш рет
Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдары азамат соғысы кезінде
пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі
үдерісін білдірген. Осы түсінік ХІХ ғасырда Англия мен Францияда
қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі
ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып,
кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-шы жылдардың
орта кезінде көрінді.

   Инфляция – бұл бағалардың жалпы деңгейінің өсуі нәтижесінде
ақшаның сатып алушылық қабілетінің төмендеуі және оның
құнсыздануын білдіретін көпфакторлы экономикалық құбылыс.
Инфляцияға қарама-қарсы құбылысты, яғни бағалардың жалпы
деңгейі мен шығындардың төмендеуін дефляция деп атайды, ал
бағалардың өсу қарқынының бәсеңдеу құбылысы дезинфляция деп
аталады.

   Бағалардың өсуі екі себептен туындайды – сұраныстың ұсыныстан
артып кетуінен (сұраныс инфляциясы) және өндіріс шығындарының
өсуінен (ұсыныс инфляциясы).

   Сұраныс инфляциясы – бұл толық жұмысбастылық жағдайында
ресурстарды тиімді деңгейінен жоғары қолданғанда сұраныстың
ұсыныстан артып кетуі салдарынан болатын бағалардың өсуі. Сұра­
ныс инфляциясын осылай түсіндіру монетаристік нұсқаға сәйкес
келеді. Монетаристер баға айналыстағы ақша санымен анықталады
деп санайды.

   Сұраныс инфляциясы мемлекеттің бюджет тапшылығымен де
байланыс-ты. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың барлық
әдістері инфляцияға жол ашуы мүмкін.

   Егер баға айналыстағы ақшаның санына тәуелді болса, онда сұра­
ныс инфляциясымен күрес ақша санын шектеуді, төлем қабілеттілігі
бар сұранысты азайтуды талап етеді. Мұндай жағдайларда арзан
ақшалар саясаты жүргізіледі – пайыз мөлшерлемесі көтеріледі,
несиелік белсенділік шектеледі, мемлекеттік шығындар қысқарады.

   Ұсыныс инфляциясы – жалақы мөлшерлемесінің өсуі еңбек
өнімділігінің өсуінен артып кеткенде, ресурстарға баға өскенде орын
алатын өндіріс шығындарының инфляциясы.

   Сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясынан басқа
инфляцияның әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты көптеген
түрлері орын алады:

   1) Инфляцияға қарсы саясаттың құралдарына байланысты

инфляция екіге бөлінеді:

           265

⇐ МАЗМҰНЫ
   260   261   262   263   264   265   266   267   268   269   270