Page 295 - index
P. 295

Коммерциялық банктердің екі тұрпаты болады: операциялардың
үлкен көлемін іске асыратын әмбебап банктер, және бір немесе
бірнеше банктік операцияларды орындайтын мамандандырылған
банктер (мысалы, жинақ банкі).

   Банктердің мамандандырылуының өлшемдері алуан түрлі болып
табылады. Банктердің функционалдық мамандануы бойынша банктер
инновациялық, инвестициялық, есептік, жинақтық, ипотекалық,
депозиттік және т.б. болып бөлінеді. Салалық мамандануы бойынша
банктер әлеуметтік дамуға бағытталған, құрылыстық, энергетикалық,
сыртқы саудалық, ауыл шаруашы-лықтық және т.б. болып бөлінеді.
«Клиенттік» мамандануы бойынша банктер биржалық, тұтынушы­
лық, коммуналдық, сақтандырушылық болып ажыратыла-ды.
Сондай-ақ территориялық мамандануы бойынша банктер аймақтық,
аймақаралық, халықаралық болып бөлінеді.

   Қазақстанда ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша коммерциялық
банктер акционерлік қоғамдар ретінде жұмыс істейді.

   Банктік тәжірибеде банктік операциялардың негізгі түрлері бөліп
көрсетіледі: активтік және пассивтік операциялар, банктік қызмет
көрсетулер.

   Активтік операциялар – бұл несиелер беру.
   Пассивтік операциялар – бұл ақша жинақтарын және банктің
табыстарын жұмылдыру. Банктегі барлық салымдар депозиттер және
жинақ салымдары болып бөлінеді.
   Банктік қызмет көрсетулер – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз
төлемдерді жүзеге асыру, валютамен және алтынмен байланысты
операциялар, бағалы қағаздарды шығару және сақтау, трасталық
(сенімгерлік) операциялар. Банктер кеңестер береді, ақпараттар
ұсынады. Соңғы жылдары банктік қызмет көрсетулердің көлемі
айтарлықтай өсті.
   Банктік операциялардың барлық түрлері пайыз түрінде пайда алуға
мүмкіндік беретін несиелік негізде (активтік және пассивтік) немесе
өз клиенттері есебінен комиссиялық сыйақылар алу негізінде жүзеге
асырылады.
   Сонымен, барлық операциялардан түсетін банктік пайданы маржа
деп атайды. Маржа – активтік операциялар бойынша пайыздар мен
пассивтік операциялар пайыздардың айырмашылығынан болатын
банктік таза пайда. Банктік пайдадан басқа банктің табыс көздеріне
инвестициядан, биржалық операциялардан түсетін табыстар және
банктік қызмет көрсетулерден түсетін комиссиялық сыйақылар
жатады.

           295

⇐ МАЗМҰНЫ
   290   291   292   293   294   295   296   297   298   299   300