Page 297 - index
P. 297

едәуір түрде байқалады. Сондықтан табыстарды бөлудегі теңсіздіктер
осы тақырыптың аса көкейкесті мәселесі болып қала береді.

   Табысты бөлудегі теңсіздіктердің негізгі үш себебі бар:
   1. Адамдардың ақыл-ойлық (интеллектуалдық), физикалық және
эстетикалық қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерінің бірдей болмауы.
Мәселен, интеллектуалдық қабілеттіліктің аса жоғары болуы адамның
табысын жоғарылатады. Ал қабілеттілік және ой деңгейі төмен
адамдар сәйкесінше, табысы аз жұмыс орындарымен қамтамасыз
етіледі. Танымал спортшылар өздерінің физикалық қабілетінің жоғары
болуынан аса жоғары жалақы ала алады, сонымен қатар эстетикалық
қабілеттіліктері өте жоғары музыканттар немесе суретшілер біліктілігі
жоғары мамандар өз жалақыларын арттыра алады.
   2. Адамдардың білім деңгейлерінің әртүрлі болуы. Индивидтің
кәсіби маман ретіндегі дайындығы неғұрлым жоғары болған сайын,
оның жалақысы да соғұрлым жоғары болады. Білім деңгейі жоғары
болу үшін мұндай жағдайда адам капиталына инвестицияны көптеп
құюдың қажеттілігі туындайды.
   3. Адамдар қолындағы меншік түрлерінің әртүрлі бөлінуі. Кейбір
адамдардың қолында меншіктері аз немесе меншіктері мүлдем
болмауы мүмкін. Ал келесі бір адамдардың қолында көлік, құрал-
жабдықтар, жер телімдері, жылжымайтын мүлік, т.б. меншіктері
көп болуы мүмкін. Осындай меншіктері көп адамдар көп табыс таба
алады.
   Табыстардың бөлуіндегі теңсіздіктерді өлшеудің бірнеше
теориялары бар. Соның ішінде Лоренц қисығы мен Джини
коэффициенті маңызды орынға ие. Лоренц қисығы – бұл қоғамда
табыстар ерекшелігінің маңызды индикаторы ретінде табыстарды

бөлудегі теңсіздерді сипаттайтын графикалық көрініс.

табыстар                     Лоренц қисығы
пайызбен                     нақты теңдік

     100% абсолюттік теңдік

           0 20 40 60 80 100 Отбасы пайызбен

                 14.2-сурет. Лоренц қисығы
                              297

⇐ МАЗМҰНЫ
   292   293   294   295   296   297   298   299   300   301   302