Page 296 - index
P. 296

Арнайы мамандандырылған қаржы-несие институттары.
Дамыған елдердің қазіргі банк жүйесі арнайы мамандандырылған
қаржы-несие институттарын да өзіне жатқызады. Кейбір жағ­
дайларда бұлар үшінші деңгейлі болып табылады. Арнайы
мамандандырылған қаржы-несие институттары мыналар жатады:
инвестициялық банктер, жинақ банктері, несиелік одақтар, сақтан­
дыру компаниялары, зейнетақылық және инвестициялық қорлар.
Арнайы мамандандырылған қаржы-несие институттары халықтың
шағын капиталы мен жинақтарын жұмылдырып, солар арқылы
экономиканы инвестициялайды.

14.5. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Лоренц қисығы

   Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – бұл қоғам мүшелерінің және
әртүрлі топтардың табыстарын бөлу және қайта бөлуге бағытталған
үкіметтік іс-шаралары.

   Осыған байланысты, әлеуметтік саясат бір жағынан, табыстардың
әділетті бөлінуіне, ал екінші жағынан, қоғам мүшелері мүмкіндіктері­
нің теңдігін сақтап тұруға жауап беруі тиіс.

   Әлеуметтік саясаттың бірқатар міндеттері бар:
   1. тұрғындардың әл-ауқаттылығын көтеру;
   2. адамдардың өмір сүруі мен еңбек жағдайларын жақсарту;
   3. әлеуметтік әділеттілік принциптерін жүзеге асыру;
   4. қоғамның әлеуметтік салаларын және инфрақұрылымын дамыту;
   5. ел азаматтарының әлеуметтік мұқтаждықтары мен мүдделерін
қанағаттандыру.
   Осындай міндеттер негізінде әлеуметтік саясат мынадай
мәселелерді шешуге жауап іздейді:
   1. адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін қалай қанағаттандыру
керек;
   2. қоғамда игіліктерді әлеуметтік тұрғыдан қалайша барынша
әділетті бөлуге болады;
   3. адамдардың әл-ауқаттылық деңгейінің көтерілуі мен эконо­
микалық тиімділікті арттырудың сәйкестілікті қалайша жүзеге асыру­
ға болады.
   Бәсекелестік тетіктер негізінде халық табыстарын нарықтық
тұрғыдан бөлу тепе-теңдікке жетуге кепілдік бермейді, яғни табысты
шынайы бөлуге жауап бермейді. Сол себепті, әлемнің дамыған
елдерінің нақты қазіргі тәжірибесінде табыстарды бөлудегі теңсіздер

           296

⇐ МАЗМҰНЫ
   291   292   293   294   295   296   297   298   299   300   301