Page 325 - index
P. 325

3) Қазақстан территориясында Еуропа мен Азияны байланыстыра­
тын трансұлттық көлік жолдарының дамуы;

   4) жеке және мемлекеттік секторларда жинақталған ірі қаржы
ресурстарының болуы.

   Қуат көздерін, шикізат пен жартылай фабрикаттарды экспорттауды
әріқарай дамыту ұзақ мерзімді жоспарда Қазақстанның экономикалық
өсу қарқынының факторы ретінде қарастырыла алмайтындығын атап
өткен жөн. Өйткені ЖІӨ-ді арттыруда энергия мен материалды көп
қажетсіну ұзақ мерзімде төмендейтін үрдіс болып табылады, олай
болса, шикізат көздеріне әлемдік сұраныстың өсу қарқыны келешекте
әлемдік ЖІӨ-нің өсу қарқынынан қалып отырады.

   Ұзақ мерзімді басымдықтарда Қазақстанның үдемелі экономика­
лық өсуі тиімділігі жоғары ғылымды көп қажет ететін өндірістерді
және қызметтер көрсету салаларын дамыту негізінде ғана мүмкін
болады. Осындай негізде ғана әлемдік технологияларды игеру,
экономиканың тиімділігі мен халықтың табыстарын тұрақты түрде
көтере алу мүмкін болады.

   Сыртқы сауданың қазіргі тауарлық құрылымы Қазақстанның
ЖІӨ-ін өсірудің факторы бола алмайды. Енді өндірістің барлық
секторларын жаңғыртуда инвестицияларды маңызды түрде арттыру
және жалпы алғанда, ұлттық экономиканың бәсекелік қабілеттілігін
көтеру қажет.

   Ұлттық бәсекеге қабілеттілік ұғымы кең мағынада халықтың
денсаулығы, білім беру мен ғылым, инфрақұрылым жүйелерінің
дамуы, қаржы-несие саласының жағдайы, қоғамдық тәртіп және
басқалары сияқты жиынтық факторлардан құралады.

   Ұлттық бәсекеге қабілеттілік ашық экономика мен жаһандану
жағдайында ұлттық шаруашылықтың әлемдік нарықта бәсекелік
күрестің негізгі субъектісі ретінде сапалы тауарлар мен қызметтерді
өндіруін және оларды әлемдік бағамен сатуын, шетел капиталы мен
еңбек ресурстарын тарта алуын, өзгеретін сұранысқа тез бейімделе
алуын білдіреді.

   Бірқатар халықаралық ұйымдар ұлттық шаруашылықтардың
бәсекелік қабілеттілік рейтингісін анықтайды. Солардың ең негізгісі
ретінде, бәсекелік қабілеттілік бойынша әлем елдерінің рейтингісін
бағалау қазіргі уақытта, жыл сайын Швейцарияның Давос қаласында
өтетін «Дүниежүзілік экономикалық форум» (ДЭФ) ұйымының
баяндамаларында жүргізіледі. ДЭФ-тің экономикалық бағалау
көрсеткіштері 200-ге жуық. Олар негізгі 8 топқа бөлінеді: 1)

           325

⇐ МАЗМҰНЫ
   320   321   322   323   324   325   326   327   328   329   330