Page 326 - index
P. 326

ашықтылық; 2) мемлекет; 3) қаржы; 4) инфрақұрылым; 5) технология;
6) басқару; 7) еңбек; 8) институттар. Әр топтың өзіндік үлес салмағы
бар: мысалы, «ашықтылық», «мемлекет», «қаржы» 16,7%, ал
«басқару» мен «институттар» - 5,5%. Сегіз факторлық индекстің
(оның ішінде көптеген субиндекстер бар) негізінде елдің бәсекелік
қабілеттілік рейтингісі анықталады.

   ДЭФ-тің бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің мәліметтері бойынша
Қазақстан 1999 жылы 74-, 2000 жылы 68-, 2001 жылы 65-, 2002 жылы
71-, 2004 жылы 76-, 2005 жылы 68- орындарда болса, 2011-2012
жылдары 51-ші орыннан бір-ақ көрінді.

   Осыларға қарап, халықаралық айырбастың қатысушысы ретінде
Қазақстан экономикасының салыстырмалы артықшылықтарын
және әлсіз жақтарын қарастырып өту қажет. Біз білетініміздей,
экономиканың салыстырмалы артықшылықтары сыртқы саудада
ұлттық шаруашылықтың нақты бір саласының, аясының және қызмет
түрінің әлемдік орташа деңгеймен салыстырғанда жоғары болғанда
ғана соларға маманданудың тиімділігін көрсетеді.

   Қазіргі уақытта, әлемнің барлық елдері дамудың әртүрлі деңгейінде
тұрса да және табиғи ресурстармен әртүрлі қамтамасыз етілгеніне
қарамастан, ең алдымен, өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің экспортын
дамытуға тырысады. Мәселен, Қазақстанның қазіргі экспорттық
құрылымының 75%-ын минералды-шикізаттық өнімдер алып отыр,
ал қалған үлеске металлдар, химиялық тауарлар, азық-түлік өнімдері,
машина жасау өнімдері ие. Қазақстан импортының құрылымында
машиналар мен құрал-жабдықтардың үлесі 45%, минералдық
өнімдер 14%, химиялық тауарлар 11% және тамақ өнімдері 7% болып
табылады. Қазақстан тауарларын басты импорттаушылар болып Батыс
Еуропа елдері, соның ішінде, Италия, Швейцария, Франция, Германия,
Англия, сондай-ақ, Ресей, Қытай, АҚШ және Украина табылады.

   Осыған байланысты, мүмкіндігінше, машиналар, құрал-жабдық­
тар, дайын тауарлар экспортына өтіп, Қазақстанның сыртқы сауда
құрылымын өзгерту қажет.

   Жоғары білікті мамандар Қазақстанның отын-энергетикалық
және шикізаттық өнімдерді өндіретін салаларында салыстырмалы
артықшылықтар тудыратын аса маңызды факторларға:

   – бірқатар түрлері бойынша әлемдік маңызы бар ірі және кешенді
минералды-шикізат қорларының болуын;

   – отын-энергетика кешенінде әлемдік деңгейдегі өнеркәсіп
қуаттарының болуын;

           326

⇐ МАЗМҰНЫ
   321   322   323   324   325   326   327   328   329   330   331