Page 323 - index
P. 323

Сондықтан табыстар мен төлемдерді теңестіруді ең тиімді бағыт деп
санайды.

   Валюта бағамы оның ревальвациясы және девальвациясы арқылы
төлем балансының жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Оны төмендегі
кестеден көруге болады. Ревальвация – бұл валюта бағамының басқа
валютаға қарағанда көтерілуі. Девальвация – бұл валюта бағамының
басқа валютамен салыстырғанда төмендеуі.

        15.1-кесте. Ревальвация мен девальвацияның төлем балансының
                                   жағдайына әсер етуі

Валютаның            Сауда      Капитал балансына әсері        Төлем
ревальвациясы  балансына әсері                           балансына әсері
                                         Экспорт ↑
Валютаның         Экспорт ↓               Импорт ↓         Нашарлайды
девальвациясы      Импорт ↑            Қорытынды:
                 Қорытынды:             нашарлайды          Жақсарады
                 нашарлайды
                                         Экспорт ↓
                  Экспорт ↑               Импорт ↑
                   Импорт ↓     Қорытынды: жақсарады
                 Қорытынды:
                  жақсарады

   Егер валютаның ревальвациясы төлем балансын нашарлататын
болса, онда ол не үшін жүргізіледі деген заңды сұрақ туындайды. Бұл
мәжбүрлі шара болып табылады. Ревальвацияны жүргізудің қажет­
тілігі экспорты импортынан асып кеткен елдерде туындайды. Мұндай
асып кету басқа әріптес-елдерде сауда балансы тапшылығының орын
алуын білдіреді.

   Валютаның девальвациясын төлем балансының тапшылығын
(импорттың экспорттан артып кетуі) көріп отырған елдер жүргізуге
мәжбүр болады.

        15.4. Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі
                                  орны мен рөлі

   Қазақстан бірқатар тауарларды өндіру, ең алдымен, шикізаттар
мен жартылай фабрикаттарды, қуат көздерін өндіру бойынша
әлемде алдыңғы қатарлы орындарды иеленеді. Бұл бір жағынан,
Қазақстанның табиғи ресурстарға бай екендігін, ал екінші жағынан,
еңбек пен капиталдың экспортқа бағытталған және пайдасы мол
салаларда шоғырланудың өте үлкен дәрежесі бар екендігін көрсетеді.
Қазақстанның әлемдік экономикадағы бет-бейнесін:

                                323

⇐ МАЗМҰНЫ
   318   319   320   321   322   323   324   325   326   327   328