Page 324 - index
P. 324

1. Мұнай, көгілдір отын, электроэнергия;
   2. Қара металлургия, минералды тыңайтқыштар, мақта-мата
кездемесі, ағаш өнімдері;
   3. Астық өнімдері, сүт, әртүрлі жемістер анықтайды.
   Көптеген өнімдер бойынша, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп, ауыл
шаруашылығы, жеңіл автокөліктер өнімдері бойынша Қазақстанның
әлемдік экономикадағы орны әлі де болса төмен. Өкінішке орай,
Қазақстанның машина жасау кешеніндегі орны өзінің тиісті
деңгейінен қалып қойып отыр. Оған бірқатар факторлар жауап береді:
инвестициялық сұраныс төмен, бәсекелік қабілеттілігі мардымсыз,
көптеген машина жасау фирмаларының экспорттық белсенділігі
төмен, т.б.
   Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны мен рөлін сипаттайтын
көрсеткіштердің қарқынын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
үдерістер, жалпы әлемдік экономикамен салыстырғанда елдің
экономикалық даму қарқынын арттыратын және оны тежейтін
факторлар анықтайды. Кеңес Одағы ыдырап, егеменді ел болғаннан
кейін Қазақстан 90-жылдардағы өндірістің терең құлдырауын бастан
кешіріп, әлемдік экономиканың даму көшінен тым артта қалды.
   Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан өзінің
жағдайын әлі де болса жақсарта алмаса да, республикада соңғы
жылдары тұрақты экономикалық өсу байқалып отыр (бұл әрине, 2008
жылы орын алған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстан
кейін). Қазақстан ЖІӨ үлесі мен экономикалық даму бойынша
90-жылдары жоғалтып алған деңгейін қайта қалпына келтіре алды.
Жыл сайын ЖІӨ өндірісі орта есеппен 7,0-7,5%-ға өсіп келеді.
   Осы уақытқа дейін, Қазақстанның экономикалық өсу қарқынының
жылдамдауына салыстырмалы түрде қысқа және ұзақ мерзімді
факторлар әсер етті.
   Қысқа мерзімді факторлар:
   1) 1998 жылы болған Азиялық дағдарыс нәтижесінде теңгенің
құбылмалы бағамын енгізу, бұл экспорттық өндірістің барлық
түрлерін ынталандырды;
   2) мұнай мен газға, көптеген шикізат түрлеріне және жартылай
фабрикаттарға әлемдік бағалардың көтерілуі;
   3) жақын шет мемлекеттерден еңбек ресурстарының ағылуы.
   Ұзақ мерзімді факторлар:
   1) біліктілігі жоғары жұмыс күші әлеуетінің бар болуы;
   2) алдыңғы қатарлы озық технологияларды қолданудың кең

мүмкіндіктері;

           324

⇐ МАЗМҰНЫ
   319   320   321   322   323   324   325   326   327   328   329