Page 204 - index
P. 204

ты баяндаумен аяқталғаны оңды. Абзацтың ішінде бірнеше пі­
кірді қосақтап баяндаушылық та кездесіп қалады. Соларға жол
берілмесін. Сондай-ақ, абзацтың шамадан тыс ұзақ болуы да
жарамсыз нәрсе. Бұлай болу оқырманды жалықтырады. Сол
себепті шұбалаңқы абзацты ұғымына нұқсан келтірмей шағын
абзацтарға бөлген дұрыс. Мұның өзі оқуды, түсінікті жеңіл-
детеді.

    Дегенмен, абзацты жөнсіз жиілете берудің де қолайсыз
екенін естен шығармау қажет. Өйткені, кейде олай жасау да
ойды бөлгіштеп, түсінікті нашарлатады. Ендеше, ретті жерінде
тым шолық абзацтардың мән-мағынасына орай тұтас бір абзац
жасалғаны орынды.

    4. Түпнұсқада адам аттарының, жер-су, ел-жұрт атауларының
ала-құла (мысалы, Есжан – Ещан, Маңқыстау – Маңғыстау,
Жапония – Япония, т.б.) жазылуын болдырмау, оларды бір ізге
түсіру.

    5. Түпнұсқадағы дәйексөздерді алынған басылымның түпкі
нұсқасымен салыстырып, дұрыстығына көзін жеткізу. Нақты
цифрлар мен документ материалдың анықтығына көз жеткізу.
Олар­дың қайталанбауына, бір-біріне қайшы келмеуіне назар
аудару.

    6. Термин сөздердің, математикалық, химиялық, т.с. формула-
лар мен шартты белгілердің түпнұсқаның әр тарауында әртүрлі
жазылмауын қадағалау.

    7. Түпнұсқада кестенің екі түрі қолданылуы ықтимал: біреуі
– сызықты, екіншісі – сызықсыз. Олардың рет санына (1-кесте,
2-кесте) мәтін ішіндегі сілтемелердің дұрыс берілгендігіне назар
салу.

    8. Мәтін ішіндегі суреттердің тиісті өз орнына қойылуын,
олардың асты-үстіне, қатарына берілген жазулардың дұрыс­
тығын, рет нөмірін (1-сурет, 2-сурет) түгел қарап тексеру, оларға
қатысты сілтеулерді сәйкес келтіру...

    Үстінен қайта оқылып шығып, ондағы дүдамал сұрақтар
айқындалып, келісіліп, өзгерістері толық жасалғаннан кейін
түпнұсқаның әрбір бетінің қарсы жағына оқыған күні, айы, жылы
жазылып, оқыған адамның (мысалы, «Оқыған Н.Алмасов») қолы

қойылады. Мұның өзі, біріншіден, түпнұсқаны үстінен оқыған

           204

⇐ МАЗМҰНЫ
   199   200   201   202   203   204   205   206   207   208   209