Page 199 - index
P. 199

Мұндағы әкеңмен тумалас деген сөз бен нағашың деген сөз бір-
біріне қарама-қайшы ұғымдар.

    3. Логикалық әркелкі ұғымдарды салыстыру (қарама-қарсы
қою). Мысалы: Кең, жарық залға қаз қатар орнатылған тігін
машиналарының біркелкі сырылдаған үні еңбек маршы іспетті
(газеттен). Бір отар ақтылы қойға ие болғанына жылдан асты (га-
зеттен). Шаңқай түсте ауылға қарай бір топ атты-жаяулы қара
құрымдай қаптап келеді (журналдан).

    Ағады өзен күркіреп,
    Ақ моншақ шашып тулайды.
    Құяды жаңбыр сіркіреп,
    Тыңдайсың одан сан күйді (кітаптан).
    Проф. Н.Уәли осы мысалдардағы сырылдаған үн мен
еңбек маршының үні, бір отар қой мен ақтылы қой, бір топ
аттылы-жаяу мен қара құрымдай қаптап, құю мен сіркіреу де-
ген сөздер мазмұны жағынан бірін-бірі теріске шығаратын
қолданыстар деп есептейді. Өйткені сырылдаған үн мен еңбек
маршының үні оқушы үшін мүлдем екі басқа. Ал ақтылы
қойдың (фразеологизмнің толық түрі: алалы жылқы, ақтылы
қой) мағынасы «мыңғыраған, есепсіз көп қой» дегенді білдіреді,
қара құрымдай сөзі де осы тәрізді, санын көрсетуге, есебін
алуға болмайтын көптікті аңғартады. Ал жаңбырдың сіркіресе
құймайтыны, құйса сіркіремейтіні өз-өзінен белгілі [67, 80-81].
    4. Байланыстырушы жалғаулықтарды дұрыс қолданбау.
Мысалы: Барған жерім де бейнеткеш адамдар екен, оның
үстіне күйеуім араққұмар болып шықты (Жас Алаш). Менің
айтқанымның бәрі ешкімге де әсер етпей, бірақ өзімді-өзім
қинадым (Қаз.әйел.).
    Мәтіннің негізгі түйінін анықтау үшін, онымен алғашқы
танысқанда-ақ, бөліктердің бір-бірімен қалай байланысқанына
назар аударған пайдалы. Немесе, сондықтан, сондықтан
да, бірақ, соған сәйкес, т.б. шылауларды дұрыс қолданбау –
логикалық ойлаудың бұзылуының бірден-бір себебі. Төмендегі
мысалдарға назар салып көрейік: Менің айтқандарымның бәрі
ешкімге де әсер етпей, бірақ өзімді-өзім қинадым (Қаз.әйел.).
Еліміздің намысын қорғап жүрген «Астана» велоклубы әзірше

           199

⇐ МАЗМҰНЫ
   194   195   196   197   198   199   200   201   202   203   204