Page 200 - index
P. 200

жақсы нәтижелерімен қуанта алмай отыр. Алайда, белгілі вело-
шабандоз Л.Армостронг екінші турда 45-орыннан көрінді. Бұл
қазақстандықтардың ішіндегі ең үздік көрсеткіш. Мұндағы бірақ,
алайда қарсылықты шылауларының қолданылуының ешбір
логикаға келмейтіні анық көрініп тұр. Мәселен бірінші сөйлемде
мағыналық тұтастық, сөйлемнің мәні бойынша сондықтан, сол
себептен шылауы қолданылуы тиіс болса, екінші және үшінші
сөйлемдерді байланыстырушы қызметін атқарып тұрған алайда
шылауы Л.Армостронгтің 45-ші орнын жоғары нәтиже ретінде
түсінуге итермелейді.

    Классикалық логика дұрыс ойлаудың төрт негізгі заңын
қалыптастырған. Біз сол заңдарды сақтай отырып, ойлаудың
анықтығына, қайшылықсыздығына, жүйелілігі мен негізділігіне
қол жеткіземіз. Логикалық ойлаудың негізгі заңдылықтарын сақ­
тау – мәтінді редакциялаудың міндетті кезеңі. Публицистикалық
шығарманың әсер ету тиімділігі аргументтерінің сенімділігі­
нен, сөйлемдерінің дәлелділігінен көрінеді. Редактор логиканың
негізгі заңдарын біліп қана қоймай, ол логикалық қателердің
пайда болуының механизмдерін де, бұл қателердің қарым-
қатынастың тиімділігіне тигізетін әсерін де көре білуі тиіс және
әдеби шығарманы редакциялау барысында бұл мәселеге ерекше
назар аударғаны дұрыс.

    Логикалық ойлаудың бірінші заңы – (тождество) үйлесімділік
заңы. Оның мәні: ойша байымдауда берілген әрбір ой қайталану
барысында бір ғана анықтаманы, тұрақты мазмұнды білдіру ке-
рек. Пікір айту барысында ойдың үйлесімділігін сақтау дұрыс ой-
лау үшін қажет. Біздің пікір алмасуымыздың объектісі оны түсіну
барысында өз бетінше өзгеріп – бір-бірімен ауыстырылып және
араласып кетпеуі тиіс. Бұл заңның бұзылуы сөйлесім барысында
түсініктердің ауысып кетуіне жол береді, терминологияның дәл
қолданылмауы пікір алысуға бұлыңғұр, жалпылама сипат беруі
мүмкін.

    Сөзді дәл таңдау – ойды жеткізудің анықтығының кепілі.
Автор немесе редактор сөздерді таңдау барысында белгілі
бір эффектіге қол жеткізу үшін саналы түрде логикалық
үйлесімділіктен ауытқуы мүмкін. Бұл жағдайда ол өз ойын бұл

           200

⇐ МАЗМҰНЫ
   195   196   197   198   199   200   201   202   203   204   205